Мемлекет бірінші кезекте балалар мен көп балалы отбасыларға көмектесетін болады

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 35 рет

 

       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру мақсатында Еңбек министрлігі 2020-жылдың 1-қаңтарынан бастап мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмекті үш бағыт бойынша жүргізуді жоспарлауда.

       Бірінші бағыт – көп балалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдендірілген жәрдемақы ұсыну.

     Көп балалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы бала санына байланысты табысы есептелінбей 4 баласы бар отбасы үшін – 42500 теңге, 5 баласы бар отбасы үшін – 53125 теңге, 6 баласы бар отбасы үшін – 63750 теңге, 7 баласы бар отбасы үшін – 73375 теңге ай сайын төленеді.

     Екінші бағыт бойынша атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген оның ішінде, көп балалы отбасыларға  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы өлшемімен төленетін болады. Атаулы әлеуметтік көмек 6-12 айдың орнына тоқсан сайын тағайындалады. Еңбекке қабілетті азаматтарға қойылатын талаптар күшейеді, жұмыспен қамту шараларынан бас тартқан жағдайда, атаулы әлеуметтік көмек төлемі бүкіл отбасыға тоқтатылады. Учаскелік комиссиялардың жұмысы күшейтіледі. Учаскелік комиссияларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген отбасылардың материалдық жағдайын зерттеу үшін 7 жеті күн. Учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес отбасыларға көмек тағайындаудан бас тарту негіздерін белгілейді.

   Үшінші бағыт бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға кепілдендірілген пакет ұсынылатын болады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін – балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар. Мектеп жасындағы балалар үшін мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын төлеу жоспарлануда.

    Ауыл округтерінде 2020-жылдан бастап берілетін атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа тәсілдерін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды халық арасында насихаттау және түсіндіру жөнінде құрылған аудандық ақпараттық топ 13 ауыл округтерінде ауыл тұрғындарына кең ауқымды және сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп әлеуметтік желілерде (Фейсбук, LED-экранда) жариялады. Алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табатын болады.

А.АБЛАЕВА,

А.ОРАЛБАЕВА,

Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

бас мамандары.