Бөлім басшыларының есебі тыңдалды

Бейбенбі, 28 Қараша 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 706 рет

Аудан әкімдігінде

 

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Т.Телғараевтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісте аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Серкебаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстары жайлы және алда атқаратын жұмыстарының барысы туралы баяндама жасады. Мұнан өзге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Жаншуақовтың, аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Қ.Бұхаровтың да баяндамасы тыңдалды.

Бөлім басшыларының баяндамасын тыңдаған аудан әкімі мен әкімдік мүшелері бірқатар кемшіліктерді ескеріп, бөлім басшыларын жұмыстарын босаңсытқаны үшін сынға алып, істерін ширатуды тапсырды.

Жиын барысында аудан әкімі сұрақтар мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, бөлім басшыларына тапсырмалар беріп, жиналысты қорытындылады.

Ғазиза ТІЛЕУБЕРГЕНҚЫЗЫ.