АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Сейсенбі, 10 Желтоқсан 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 574 рет

Жолдау аясында

 

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері бойынша басқосу өтті. Оған Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Темірбаева, аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Өсербаев қатысты. Аталған жиынды аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов ашып, жүргізіп отырды.

Кездесуде 2020-жылдан бастап іске асырылатын атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Әлеуметтік қызметтер порталы» жайлы басқарма басшысы А.Темірбаева толыққанды баян етті.

– Мемлекет басшысының 2019-жылғы 2-қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында берілген тапсырмаларды іске асыру үшін заң жобасы әзірленіп, соның шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа бағыты айқындалған болатын. Осы орайда, заңнамалық түрде аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет анықталып, көп балалы отбасылар бұрынғыдай мемлекет қолдауына ие болады. Басты мақсат – нақты көмекке мұқтаж адамдарға мемлекет тарапынан жәрдем көрсету. Сондай-ақ, масылдық пен мұқтаждықты ажырата білуіміз   керек.    Мұнан   өзге        учаскелік комиссия мүшелері жұмыстарын ширатып, тиянақты жұмыс жүргізуі тиіс, шын мұқтаж азаматтарды анықтауда сіздердің жауапкершіліктеріңіз үлкен, – деді А.Темірбаева. 
     Жиын соңында тұрғындар басқарма басшысына сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.

Ғазиза ҚОЙЛЫБАЕВА.