Аудан әкіміне ризашылығымды білдіремін

Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 503 рет

Оқырман алғыс айтады

 

Кеше ғана табалдырығымызды аттап келген тышқан жылы елімізге жақсы жаңалықтарымен есте қалар деген үміттеміз. Өткен жылға өкпеміз жоқ. Өйткені, 2019-жылда әкімшілік тарапынан ауданымыз үшін және ондағы халық үшін атқарылған еңбектер аз болған жоқ. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Билік пен халық арасында диалог болуы тиіс», – деп айтып кеткен болатын. Шынында халықтың күнкөріс деңгейін көтеру үшін билік алдыменен халықтың өмірімен хабардар болуы тиіс.

Қазығұрт ауданының әкімі Т.Телғараевтың еңбегі ел игілігіне жарап отыр. Бұған оның аудан үшін атқарған еңбектері дәлел бола алады. Әкім тұрғындармен байланыс орнату үшін қабылдау жүргізіп тұрады. «Балташыға ағаш шабу үшін балта керек», – демекші әкімнің халықпен жұмыс істеуіне ең қажетті нәрсе – халық тұрмысымен етене таныс болғандығы.

Ауданымызда әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар баршылық. Ал, аудандық биліктің басты міндеттерінің бірі – қалың бұқараның әлеуметтік тұрмысын жақсартуға деген әрекеті. Өйткені, халықтың әл-ауқаты жақсарса, онда өңіріміздің дамуы жеделдей түсері анық.

Жуырда «Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі Т.Телғараевтың жеке қабылдауы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары Серік Тұрсынқұлов, Тайбек Қалымбетов, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Аширов қатысты.

Бір қуантарлығы, аудан әкімінің тапсырмасымен менің мәселем дер кезінде шешімін тапты. Аудан әкімі Т.Телғараевқа, аудан әкімінің орынбасарлары Т.Қалымбетовке, С.Тұрсынқұловқа, ризашылығымды білдіремін.

Алла сүйген құлына бақ пен тақты береді демекші, биік белестерден көріне берулеріне тілектеспін.

Алғысымды білдірудің басты себебі, тек маған ғана жасаған жақсылығын айту ғана емес, осы азаматтардың мәселені шынайы шешуі – басқада көмекке мұқтаж жандарға дер кезінде көмек бере алатынына сенім ұялатты.

К.ЖҮРШІБАЕВА,

Қазығұрт ауданының тұрғыны, зейнеткер.