БАСТЫ БАҒДАРЫМЫЗ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 517 рет

 

Тарихқа үңілсек, сыбайлас жемқорлық — адамзаттың дамуымен бірге  келе жатқан ең көне категориялардың бірі. Өкінішке орай, бірде-бір қоғамда оны түп тамырымен жоятын  идеология әлі қалыптасқан жоқ. Бүкіл әлем осы зұлым­дықпен күресуде. Мем­лекеттер одан арылу үшін өзінің заңдары мен мемлекеттік құрылымдарын өзгертіп, сыбайлас жемқор­лық­ты жоюдың жаңа жолдары мен техноло­гияларын енгі­зеді, алайда, онымен «жойылып» жатқан «сыбайлас жемқор­лық» жоқ, қайта өршіп, жаңаша бағытқа бейім­деліп алатыны белгілі. Сондықтан да, бұл  күрес тынымсыз әрі  тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Мемле­кет­тің күші қоғамның қолдауынсыз жеңіске жете алмайтыны да белгілі. Мұндай  «өмір­шең құбыжық  құбылыспен» күресуде аза­маттық қоғам шешуші рөл атқарары сөзсіз.

Ал, қоғам дегеніміз – сіз бен біз, яғни,  заңға, қоғамдағы өзіміздің міндеттеріміз бен моральдық ахуалымызға деген бір-бірі­міздің қарым-қатынасымыз. «Қылмысқалып­сыз қоғамдағы қалыпты адамдардың қалыпты әрекеті», — дейді бұл жөнінде ресейлік жазу­шы В.С.Пикуля. Демек, зұлы­мдықтың тамырын  қоғамның өзінен іздеген жөн. Біз бұл әлеу­меттік зұлымдық­тың себебін өзімізден іздегені­міз абзал: сыбайлас жемқорлықтың неден бастала­ты­нын білсек те, неден бастал­ғанын байқасақ та, немкетті қарап, байқамаған кейіпте жүреміз. Кейде оған өзіміз себепші де боламыз. Бәрі содан басталады.

Біз әділетсіздікті көргенде, мемлекетті кінә­лап, өз ренішімізді білдіреміз, алайда, сыбай­лас жемқорлықпен күресуге келгенде, ешқайсымыз атсалыспаймыз. Көптеген азамат­тарымыз күнде­лікті тұрмыстағы сыбайлас жемқорлықты көре-тұра заңсыз­дыққа жол береді, оны әшкерелеудің орны­на бейқамдық танытады. Кейде, олар мұны солай болуы керек деп те ойлайды. Мұндай жағ­дайда  мемле­кет те,  құқық қорғау орган­дары да ешнәрсе істей алмайды. Бәрін жазалап, қапасқа отыр­ғызу мүмкін емес. Сондықтан да, сыбайлас жемқор­лық­пен тиімді күресу үшін оған  әрбір азамат­тың жауапкершілікті сезіне, белсене арала­сып, атсалысқаны керек, оны құрықтауға өз  үлесін қосқаны  керек.

Яғни, азаматтардың сы­бай­лас жемқорлыққа деген  көзқарасын өзгер­пейінше, тиімді нәтижеге жету мүмкін емес.

                                                    Жомарт ШАРАХИМБАЕВ,

Қазығұрт аудандық мәслихат

аппаратының тұрақты комиссиялар

бөлімінің бас маман-заңгері.