Ауылдардың жағдайы жақсарады

Сейсенбі, 14 Қаңтар 2020 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 490 рет

Сессия

 

Өткен аптада Қазығұрт аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымындағы кезектен тыс елу үшінші сессиясы болып өтті.

Сессияға аудан әкімі Т.Телғараев аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық кіріс басқармасының және дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысына депутат С.Сманов төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібіне арнайы үш мәселе ұсынылды: Бірінші мәселе «2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» аудан әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов, екінші мәселе «Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019-жылғы 11-қаңтардағы «Қазығұрт ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Бөбетов, күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Қазығұрт ауданы бойынша елдімекендердің шекарасын өзгерту туралы» аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Әлсейітов баяндама жасап, түсінік беруге дайын болғанымен, бұл мәселелер тұрақты комиссияда жан-жақты қаралып, талдап-талқыланғандықтан мәслихат депутаттары бұл мәселелер жөніндегі шешімдерді бірауыздан қабылдады.

Сессия жұмысына қатысқан аудан әкімі Т.Телғараев қорытынды сөз сөйлеп, бір қатар сұрақтарға нақты жауап берді.

Сессия күн тәрібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Ж.СҮЙЕУБЕКОВ.