«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының мол мүмкіндігі

Дүйсенбі, 03 Ақпан 2020 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 526 рет

 

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2015-жылдың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары еліміздің уақыт талабына сай дамуына, заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыруға оң ықпалын тигізіп келеді. 

Сондай-ақ, ел дамуының негізгі бағдары ретінде белгіленген бұл құжатта көрсетілген міндеттердің орындалуы жаңа қазақстандық арманға қол жеткізудің төте жолы ретінде бағаланып отыр.

        Қазіргі таңда халқымыздың мүд­десі, қажеттілігі, талап-тілегі барынша ескерілген Ұлт жоспарының басым бағыттары, негізгі қадамдары өз дең­гейінде орындалып келеді. Мұның айқын мысалын мемлекеттік кәсіби аппа­рат құру, есеп беретін мемлекетті қалып­тастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсімге қол жеткізу, біртектілік пен бірлік қағидаттарынан туындайтын мін­деттерді орындау бағыттарында жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәти­жесінен көруге болады. 

Осыған дейін мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатын тұлғалар кез келген бос жұмыс орнына, оның ішінде басшылық қызметке үміткер бола алатын еді. Ал, енді мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған және жұмыс тәжірибесі жоқ тұлғалар өзінің қызметтік мансабын тек төменгі лауазымдардан ғана бастайтын болды. Сондай-ақ, төменгі лауазымдарға кандидаттарды іріктеуде және одан әрі лауазымдық өсуде тұлғаның іскерлік қасиеттері бірінші кезекте ескерілетіні айқындалды. Бұлардан бөлек, конкурс өткізу ережесіне сәйкес, конкурстық ко­миссия үміткерлермен сұхбаттасу бары­сында жеке қасиеттерді бағалау нәти­желерін ескереді.

       «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз ету» атты бөлігінде қамтылған 19 қадам бо­йынша атқарылған шаралардың нәтижесі жаман емес. Мәселен, сот саласына қатысты 10 қадамның барлығы түгел жүзеге асырылды. Сот жүйесі инстанцияларын оӊтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу, судья лауазымына іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту, судьялардыӊ есеп беру тәртібін күшейту, судьялардыӊ жаӊа этикалық кодексін қолданысқа енгізу, инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру жұмыстары және басқа да жағдаяттар бүгінде халықтың көңілінен шығып отыр. 

       Жалпы, «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары қоғамдық жаңа қатынастардың, соны функциялардың, сондай-ақ, жаңа жетілдірілген институттардың қалыптасып, орнығуына кеңінен жол ашты. Бұл еліміздің заман талаптарына икемделе отырып дамуының мол мүмкіндігіне ие екенін аңғартады. 

Б.МЫРЗАҚҰЛОВ,

Қарабау ауылы округі әкімінің орынбасары.