Тәртіпке бас иген құл болмайды

Сәрсенбі, 26 Ақпан 2020 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 562 рет
«Тәртіпке бас иген құл болмайды»
Б.Момышұлы.

багдат 5

Үстіміздегі жылдың 10-ақпанында аудандық прокуратураның бастамасымен және аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана және аудан әкімінің бекітілуімен «Кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, жыныстық тиіспеушіліктің, өз-өзіне қол жұмсау деректерінің, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық бірлескен бұйрық және іс-шара» жоспары қайта бекітіліп, жандандырылды. (Осы тектес профилактикалық алдын алу іс-шаралары 2019-жылдың ақпан айынан бері жүйелі жүргізіліп келеді).    
Аталған бірлескен іс-шара жоспарын жүзеге асырушы мобилдік топ құрамы – аудан прокурорының орынбасары және аудан прокуратурасының аға прокуроры мен прокурорлары, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары мен жергілікті полиция қызметінің басшысы және мекеменің ювеналды полиция инспекторлары, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы және барлық ауыл округі әкімдері, аудандық білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлері, орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесі мен «Аналар – асыл жандар» қоғамдық бірлестігінің басшылары, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ауыл округтердегі инспекторлары, аудандағы барлық мектеп директорлары мен олардың дирекциясы. 
Аталған мобилді топ – үстіміздегі жылдың 13 ақпаннан бастап, қайта іске кірісіп, барлық ауыл округтердегі әрбір білім беру және мәдени орындарда кездесулер мен профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді. Әсіресе мектеп жанындағы «Әкелер мектебі» мен ардагер ұстаздардан құрылған «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымдарының мүшелері, мектеп ұжымымен бірлесе отырып мектептердегі 8-11 сынып оқушыларымен кездесуде. багдат 4
Кездесу барысында мектептердегі оқушылардың құқық бұзушылығының алдын алу негізінде Қазақстан Республикасының «Қылмыстық Кодекс» пен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс» заңдары аясындағы жауаптылығы, сондай-ақ, суық қару мен психотропты заттарды қолдану, т.б. заңдылықтардың баптарына сәйкес толық жауап беретіні, мектептегі ішкі ереженің қатаң сақталуы туралы жан-жақты айтылып, түсіндірілді. Әрбір кездесу барысында тәрбиелік бағытта бейнероликтер көрсетіліп, жедел анонимдік сауалнамалар алынды.   багдат 2
Аталған шара барысында орталық аурухананың гинеколог және уролог дәрігерлері қыз балалар мен ер балаларға арнайы бөлек консультациялық кеңес жиындарын өткізіп, қыз балаларға жыныстық аурудың алдын алу, ерте жүктілікті болдырмау мен зардаптары егжей тегжей талқыланса, ер балаларға жыныстық жолмен берілетін аурулардың өмірге қаупі өте үлкен екенін, олардың созылмалы зардаптарын, т.б. өмірлік сабақтарын жан жақты айтып, түсіндірді.
Үстіміздегі жылдың 10-ақпанынан бері аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция инспекторларымен бірлесе, аудандық спорт, мәдениет, ішкі саясат, білім бөлімі, жастар ресурстық  орталығы қызметкерлерімен бірлескен профилактикалық рейдтер шарасы  сауда нүктелері мен қоғамдық орындар, ойынханалар мен тойханаларда өткізілуде. Анықталған жасөспірімдердің ата-аналарына, сауда орындары мен тойхана иелеріне  әкімшілік құқық бұзушылық ескерту, хаттамалары толтырылуда.   
Әр азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
 Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексіндегі 442-баптың бірінші тармағындағы жағдайларда заңды өкілінің, яғни, ата-анасының ертуінсіз түнгі сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін ойын сауық мекемелерінде, яғни, компьютерлік ойынханалар мен мейрамханалар, кафелер мен тойханаларда болуларына тиым салынған. Сондай-ақ, осы баптың екінші тармағында ата-ананың немесе заңды өкілінің ертіп жүруінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде болуына тыйым салынған.
Осы Кодексте 127-баптың бірінші бөлімінде - жасы кәмелетке толмағандарды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін, яғни, оқушы сабақтан себепсіз қалатын болса ата-анасына әкімшілік хаттама толтырып, шара көру негізінде іс сотқа жолданады.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіндегі 133-бабының бірінші бөлігінде жасы кәмелетке толмағандарға және олардың темекі бұйымдарын сатқаны және сатып алғаны үшін ата-анасына әкімшілік хаттама толтырып, шара көру негізінде іс сотқа жолданады. Осы кодекстің 132-бабының бірінші тармағында жасы кәмелетке толмағандарды заңды өкілінің немесе ата-анасының ертуінсіз ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін мекеменің иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, шара көру негізінде іс сотқа жолданады. Осы кодекстің 200-бабының бірінші тармағында - 21 жасқа толмаған азаматтарға спирттік ішімдік сатқаны үшін иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, шара көру негізінде іс сотқа жолданады.    
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексіндегі 440-бабының екінші бөлігінде жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі –  ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы кодекстің 435-бабында көрсетілген ұсақ бұзақылық, яғни, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының "Қылмыстық  Кодексі" заңындағы 15-бабы, "Қылмыстық жауаптылыққа жататын адамдар":
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады.
2. Қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың адам өлтiргенi (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiргенi (107-баптың екiншi бөлiгі), зорлағаны (120-бап), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерi (121-бап), адам ұрлағаны (125-бап), ұрлық (188-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), тонау (191-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (194-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алғаны (200-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (202-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi), терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағаны (273-бап), қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқырғаны не қорқытып алғаны (291-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (293-баптың екінші және үшiншi бөлiктері), тағылық (294-бап), есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқырғаны не қорқытып алғаны (298-бап) үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатады.
Қорыта айтқанда, Ұлы Батыр бабамыз, қазақтың тұңғыш генералы Б.Момышұлы «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды»  дегендей тәртіпті де, тәрбиелі ұрпақ болу өздеріңіздің қолдарыңызда құрметті оқушылар!
 
Бағдат ОРЫНБАЕВ,
аудандық білім бөлімінің 
бас маманы.