Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Сейсенбі, 10 Наурыз 2020 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 285 рет

 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.

Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

     ҚР Экономикалық және сыбайластық жемқорлықпен күрес Агенттігінде жемқорлық фактілерін хабарлайтын тұлғаларды қорғау департаменті жұмыс жасайды. Қажет болса, тұлғаларды қорғау барысында құпия іс жүргізуге, олардың мекен-жайы, тегін, мен тіпті бет-әлпетін өзгертуге де мүмкіндік бар.

Жасалған жемқорлық заңбұзушылық жөнінде сіз Экономикалық қылмыстар мен жемқорлықпен күрес Департаментінің сенім телефонына сонымен қатар, әр мемлекеттік органдардағы сенім телефондары арқылы хабарласа аласыз.

М.БИЖАНОВ,

Қазығұрт аудандық ауыл

шаруашылығы бөлімінің бас маманы.