Рахмет саған, Қазақ елі!

Сейсенбі, 10 Наурыз 2020 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 411 рет

84829130 1025295801191042 156017470166007808 o

Тұрбат ауылдық мәдениет үйінде «1-наурыз – Алғыс айту күніне» орай ауқымды іс-шара өтті.

Алғыс айту күні – елімізде жалпыхалықтық мереке. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.

Сондықтан, бұл думанды іс-шараны аудандық мәдениет сарайының жүргізушілері көтеріңкі көңіл күйде бастапта жіберді.

Алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімі Т.Телғараевқа берді. Ол алғыс айту күнінің мәнімен маңызын, оның тарихына тоқталып, іс-шараға қатысушыларды жалпы халықтық мерекемен құттықтады.

Сонымен бірге ауданның дамып, өркендеуіне ерекше үлес қосқан бір топ азаматтарды аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Солардың қатарында «Сейітбек әулеті» ЖШС-інің директоры Мырзарахим Жұмабеков, Шарбұлақ ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Рысынов, еңбек ардагері Девяткина Антонина Семеновна, жеке кәсіпкер Шемчук Федор Олегұлы, Жігерген ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Балта Жүнісов бар.

Мұнан кейін сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев іс-шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, бір топ азаматтарға аудандық мәслихаттың «Алғыс хатымен» марапаттады. Атап айтқанда еңбек ардагері Роза Жидебаева, Шанақ ауыл округінің әкімі Ерген Жорабаев, еңбек ардагері Нығматжан Ахметұлы Сеймат, «Жұлдыздар» халықтық би ансамблінің жетекшісі Жанат Балтаева, П.Тәжібаева атындағы жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мырза Халида Макарамқызы мәслихаттың «Алғыс хатына» ие болды.

Айтулы іс-шараға қатысып, жүрекжарды тілегін жеткізген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омаров бір топ азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті. Олар «Болашақ» мектебінің техникалық қызметкері Галина Тейпова, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп директорының орынбасары Забира Тұрлыбек, газ маманы Әбдуәлі Сейфудинов, еңбек ардагері Райхан Жантілеуова, Қақпақ ауылдық мәдениет үйінің директоры Мәлік Сарсенбаевтар.

Мұнан кейін құттықтау сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Қожахан жиынға қатысушыларды құттықтап, Тұрбат ауылының биі Әбдішәкір Мұхсимовты, жеке кәсіпкер Айдын Мырзабаеваны, «Таза су» мекемесінің қызметкері Ануар Исмайловты «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хатымен» марапаттады.

Марапаттаулар барысында аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары әннен шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ж.МАХАНҰЛЫ,

Тұрбат ауылы.