Коронавирустық инфекцияның алдын алудағы дезинфекциялық іс шараларды жүргізу туралы

Сейсенбі, 31 Наурыз 2020 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 205 рет

90624890 933312307098520 6820624489450045440 n

Құрметті азаматтар!

Қазығұрт аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Сіздерге, Әлемдегі короновирустық инфекция бойынша жағдайға байланысты, оның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығың сақтау үшін дезинфекциялау шаралары жүргізілуі тиіс объектілер тізбесін ұсынады:

  • Жолаушылар мен тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік қызметтері ұйымдары (метрополитен, әуежай, вокзалдар, автовокзалдар, теңіз порты).
  • МДМ (балабақшалар, білім беру және дамыту орталықтары)
  • Оқу орындары (орта, арнаулы орта және жоғары)
  • Жолаушылар мен тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік қызметтері ұйымдары (метрополитен, әуежай, вокзалдар, автовокзалдар, теңіз порты) *
  • Тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдары, ірі және шағын қоғамдық тамақтану нысандары.
  • Пенитенциарлық мекемелер (СИЗО, қамау орындары)
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемемлекеттік органдар.
  • Коммуналдық нысандар (моншалар, кір жуатын орындары, шаштараз, косметологиялық салондар, аптекалар)
  • Сауда орындары (базарлар, супермаркеттер, азық түлік дүкендер, көтерме және бөлшек сауда нысандары т.б )

         Қазығұрт ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.03.2020 жылғы №1 «Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысы шығарылып, жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамында дезинфекциялаумен «ҰСО» Шымкент қаласы бойынша филиалының, Қазығұрт аудандық секторы, ЖК Татаева, ЖК Керимулова, ЖК Шекертаева, С.Анаркулов заңды кәсіпкерлік жұмыс жасайды. Құрал жабдықтармен қамтылуы дезпрепарат қажетті жабдықтармен, киімдермен қамтамасыз етілген. Толық жасақталған.

90612835 211756343269878 2463774119238303744 n

Қазақстан Республикасының 2009-жылғы 18-қыркүйектегі N 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің №152 бабының 1 және 2-тармақтарына және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020-жылғы 12-наурыздағы «Қазақстан Республикасында пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі іс шараларды күшейту туралы» №20 қаулысына сәйкес аталған орындарда дезинфекция жұмыстарын жүргізу қажет. Залалсыздандыруға мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс істеуге құқылы болып табылады. Дезинфекциялауды өз беттеріңізше жүргізу адам денсаулығына қауіп алып келетінін ескеру қажет. Себебі, қызметкер арнайы оқу-тәжірибеден өткен және де еңбек ережелерімен танысқан болуы керек (медициналық тексерістен өткен). Өзі атқаратын жұмысы бойынша теориялық білімі мен еңбек стажы болуы керек. Дезинсекциялық және репеллентті заттармен жұмыс істеуге ешқандай заттарға қарсы көрсетілімі жоқ адам тағайындалады. Дезинсекциялық заттармен жұмыс істеушілер қауіпсіздік техникасы талаптарына сай арнайы киіммен және жеке бас қауіпсіздік заттарымен (СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.

Дезинсекциялық заттармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезінде мынадай ережелерді сақтау керек: Міндетті түрде арнайы киім кию және де жеке бас қауіпсіздік заттары: халат, аяқ киім, респираторлар, қолғаптар, көзілдіріктер кию қажет.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарында, мектептерде, балабақшаларда, адамдар көп шоғырланатын мекемелерде (автотұрақ, мешіт, ХҚКО, Базарларда, сауда орындарында, почта бөлімшелерінде сұйық сабыны бар дозаторлар, антисептиктер мен қолдарды дезинфекциялау үшін санитайзер қондырғыларын орнату, қажетті қорымен қамтамасыз ету. Бір рет пайдаланылатын сулықтар мен қолданылған бетперделері жинауға арналған педальді қоқыс жәшіктерін орнату.

Дезинфекциялық ерітінділерден өз бетіңізше жүргізіп, уланып қалудан сақ болыңыз және мамандардың нұсқамасына баса назар аударғаныңыз абзал! Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда!

Түркістан облысы ТКҚСҚБД-нің

Қазығұрт аудандық тауарлармен

көрсетілетін қызметтердің сапасымен

қауіпсіздігін бақылау басқармасы.