Ұрпақ тәрбиесіндегі әкелер мектебінің рөлі

Бейбенбі, 04 Наурыз 2021 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 79 рет

ардагер 333

Жуырда облыстық «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ж.Мауленқұловтың төрағалығымен онлайн арқылы ІV пленумы өткізілді. Аталмыш жиынға аудан, ауыл округтеріндегі «Ардагерлер ұйымы», «Әжелер алқасы», «Әкелер мектебі» ұйымдарының мүшелері, т.б. зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.
Алқалы жиынның күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласының талқылануы, облыстық «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының 2020-жылы атқарған жұмыстары, жас ұрпақтың тәрбиесі туралы маңызды мәселелер талқыланды.
Облыс көлеміндегі ардагерлер ұйымының жанынан құрылған «Әкелер мектебі» ұйымының жас ұрпақ тәрбиесінде атқарған жұмыстары талқыланды. Осы тұрғыда баяндамашы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазығұрт ауданы филиалының жанындағы «Әкелер мектебі» ұйымының 2020-жылғы есебі мен алда тұрған мәселелері айтылды. Әсіресе, бала тәрбиесінде әкенің рөлін күшейту, «Әкелер мектебі» – тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету, әкенің отбасындағы ролін терең тануда бүгінгі күннің басты талабы екенін жеткізді. Алдағы кезеңде әрбір елді мекендердегі ата-аналар мен жасөспірімдермен жас ұрпақ тәрбиесі бойынша ауқымды іс-шаралар жоспарланғанын айтып өтті. Баяндама соңында «Әкелер мектебінің» ұрпақ тәрбиесіндегі «әке рөлі» тақырыбында түсірілген ролигі көрсетілді.
Жиын соңында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазығұрт ауданы филиалының төрағасы Омаров Аманбай «Әкелер мектебі» ұйымында белсене жұмыс жасаған бірнеше әкелерді «Алғыс хатпен» марапаттап, алдағы уақытта да жас ұрпақ тәрбиесінде сарабдал қызмет ететініне сенім білдірді.

Бағдат Тұрғынбекұлы,
Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы.