ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Сейсенбі, 30 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 94 рет

7d072e95-56d9-4e62-8198-37b67da45725

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Еліміздің Тәуелсіздік тарихы басталған 1991- жылғы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті болып сайланды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.
1991-жылдың 16 қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақ ССР Президентін сайлау туралы» заң қабылданды. Осы заңмен бірге 1991 жылдың 1 желтоқсанын Қазақ ССР Президентін сайлау күні ретінде белгілеген қаулы шықты. Осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет Республика басшысын жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдауға жағдай жасалды.
1-желтоқсан күні – ел тарихындағы тұңғыш жалпыхалықтық сайлауға қатысқан халықтың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беріп, Мемлекет басшысы ретінде таңдалды. 5-желтоқсан күні Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы қорытындысын жариялады. Ол бойынша республикадағы 21 сайлау округіндегі сайлаушылар тізіміне 9 961 242 азамат енгізілген. Оның ішінде сайлауға 8 788 726 адам немесе 88,23% қатысты. Сайлау нәтижесі бойынша 8 681 276 адам Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берген, бұл – сайлауға қатысушылардың 98,78 пайызы. Осылайша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша халық сайлаған Қазақстанның Президенті мандатын тұңғыш рет иеленді.
Тұңғыш Президент қызметіне ресми кірісуі мен Елбасының ант беру рәсімі 1991-жылдың 10-желтоқсанында өтті. 2011-жылғы 14-желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, онда 1-желтоқсанда атап өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.
Елбасы күні қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Елімізде жүргізілген баянды реформалар мен игілікті істердің қорытындысы мен бағындырған белестеріміздің басында тұрған Елбасы бейнесін айқын көреміз.
Даңқты реформаторлығы, саяси көшбасшылық тұлғасы жылдар өткен сайын биіктей түскен Тұңғыш Президентіміздің мерекесі мерейлі құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің болашаққа апарар жолы нұрлы, таңы арайлы, сапары сәтті болғай!


Д.АМАНТАЙҚЫЗЫ,
Қазығұрт аудандық
сотының судьясы.