ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН – ЕЛБАСЫ

Сейсенбі, 30 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 90 рет

1512042013 0001

Тұңғыш Президент күні – 2011-жылдың 10-желтоқсанында Парламент Сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр.
Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр қайрат пен ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілік керек еді. Халықты қашан да білікті басшы шыңға шығарады емес пе? Біздің еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуы аянбай еңбек еткен басшымыздың арқасы екенін бүгінде баршамызға аян. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс. Мұндай мереке тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Оған бірнеше мысалдар келтіре кетуге де болады. АҚШ әлемдегі ең алпауыт елдердің қатарына жатады. Бұл елде ақпан айының үшінші дүйсенбісі Президент күні ретінде мерекеленеді. Аталмыш мереке 1855-жылдан бері АҚШ-та жалпыұлттық деңгейде аталып өтіледі. Бұл мереке АҚШ-тың Тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның құрметіне тойланады. Исландия елінде бұл күн 14-мамырда тойланады. Мемлекеттің бесінші әрі қазіргі президенті Олавура Рагнара Гримссонның құрметіне мемлекеттік дәрежеде мерекеленеді. Ангола мемлекеті елдің негізін қалаушы президенттерінің құрметіне Президент күнін 17-қыркүйекте мерекелейді. Португалдардың бодандығынан Анголаға тәуелсіздік алып беру үшін аянбай күресіп сол мақсатына жеткен Агоштинью Нету 17-қыркүйекте дүниеге келген. Күздің алғашқы айында тойлануының себебі де сол.
Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке!
Мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі!


Хұсан ҚАРАБАЕВ,
Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.