УЛЫ ГАЗБЕН УЛАНУДАН САҚ БОЛАЙЫҚ!

Сейсенбі, 30 Қараша 2021 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 97 рет

5d5e765f179bf6

2020-2021 жылдардың жылыту маусымында аудан аумағында көмір қышқыл газымен улану бойынша оқиғалар тіркеліп, адамдар әртүрлі дәрежеде денсаулықтарына зиян келіп ауруханаларға жеткізілген.
Қазіргі таңда осы мәселе өзекті болып, қатты алаңдатуда. Бұл оқиғалардың басты себептері – жеке адамдардың қауіпсіздік ережелерін білмеуі, дұрыс сақтамауы болып отыр.
Қазіргі уақытта үйлерді жылыту мақсатында ауданымыздың көптеген елдімекендерінде тұрғындар қатты отын түрлерін жағуда. Егер, пештеріңіздің ақаулығы болатын болса өрт болып немесе тұрғын үй ішіне көмір қышқыл газының таралу қауіпі бар екенін тұрғындар ескере бермейді. Бәрімізге белгілі көмір отыны жанған кезде көмір қышқыл газы бөлінеді. Бұл көмір қышқыл газы адам өміріне қауіпті. Сондықтан, пештеріңізді жөндеп мұржасын тазартуды ұмытпаңыздар.
Сонымен қатар, ауданымызда табиғи газ тұтынатын елдімекендердің саны жылдан жылға артып келеді. Бұл қуанышты жағдай болғанымен табиғи газ тұтынушылар да қауіпсіздік ережелерін сақтамай төтенше жағдайларға тап болуда.
Құрметті азаматтар! Төтенше жағдайларды болдырмау, сақ болу өзімізге байланысты екенін ұмытпайық!

Д.ТӘЛІПБАЕВ,
Қазығұрт ауданының төтенше
жағдайлар бөлімінің бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигі.