ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМІЗ ЖАСАЙ БЕРСІН!

Жұма, 10 Желтоқсан 2021 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 479 рет

       10    Дурия

      Биыл Тәуелсіздігімізге тура 30 жыл! Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдік алпауыттармен терезесін теңестіріп, жаһан жұртына қарышты қадамдарымен танылып үлгерді.
1991-жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ­стан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Бұл іс-шара Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде конституциялық тіркелуін аяқтады, жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігінің бастауы болды.
          Елбасы Н.А.Назарбаев: «1991-жылы 16-желтоқсанда Қазақстан мүлдем жаңа тарихты бастады. Біз, қазақстандықтар, ұлт өрлеуінің қазақ дәуірінің негізін қалаушылар мен бастаушылар болдық. Бұл біздің асыл уақытымыздың және біздің барлық ұлы жетістіктеріміздің ең дәл атауы».
           16-желтоқсан – Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне айналады.
Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы өжет, ұлы – қайратты, халқы – қаһарман. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік!
Қазақстан дамудың жаңа жолына түсіп, халықтың бостандығының сан ғасырлық армандарын жүзеге асырды. Қазірде халқымыз өз мәдениетін, тілін, діні мен дәстүрін әрі қарай дамытуға мүмкіндік алды. Еліміздің әрбір азаматы ел тәуелсіздігін мақтан етеді. Еліміздің тәуелсіздігі – қазақ халқының ең қасиетті иелігі екені белгілі.
          Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни, егеменді, дербес мемлекет. Тәуелсіздік – қастерлі ұғым, асқан байлық. Айбыны асқақ атамекеннің, ұлан-байтақ жерің, мемлекеттік тілің болғанынан асқан бақыт жоқ шығар. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық мерей тойы құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Дурия АМАНТАЙҚЫЗЫ,

Қазығұрт аудандық сотының судьясы.