ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Бейбенбі, 13 Қаңтар 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 32 рет

Жаңа 2022-жылдың алғашқы күндерінде еліміз ауыр дағдарысты бастан кешірді. Маңғыстау облысының тұрғындары бастап әлеуметтік-экономикалық талаптар қойған наразылық акцияларының соңы Алматы қаласында, артынша бірқатар облыс орталықтарында жаппай тәртіпсіздіктер мен құқық бұзушылықтарға ұласты. Қалыптасқан жағдайды ішкі және сыртқы деструктивті күштер өз мақсаттарына пайдаланып, террористік іс-әрекеттер жасап, еліміздің тұтастығы мен Конституциялық құрылысына қауіп төндірді. Лаңкестердің іс-әрекеттерінен олардың мұқият дайындаған жоспарларының болғандығы, түпкі мақсаты мемлекеттік төңкеріс жасау екендігі анық болды. Орын алған лаңкестіктің нәтижесінде көптеген әкімшілік ғимараттар, құқық қорғау орындары ғимараттары мен бизнес нысандары талқандалып, автокөліктер қиратылды. Ең өкініштісі әскери қызметтегі, құқық қорғау саласындағы жап-жас әскери оқу орындарының курсанттары мен бейбіт тұрғындар қаза тапты.
Осындай сын сәтте мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев шұғыл және нақты шешімдер қабылдап, төңкерістің бетін қайтарды.


Құрметті қазығұрттықтар!


Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың қабылдаған нақты шешімдерінің арқасында қазір елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай тұрақталып, мемлекеттің толық бақылауында.
Орын алған оқиғаларға құқықтық-саяси баға беріп, себептері мен салдары әлі де талқыланып жатар. Қазірге барлық аудан тұрғындарын, жастарымызды арандату әрекеттеріне жол бермеуге, Мемлекет басшысының қабылдаған шешімдеріне қолдау білдіріп, елдігіміз бен бірлігімізді көрсетейік!


А.АБДУЛЛАЕВ, аудан әкімі.
Ө.КӨПЕЕВ, аудандық мәслихат хатшысы.