ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Жұма, 20 Мамыр 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 118 рет

1604061168 news b

Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.
Қоғамдағы көкейтесті мәселе болып, өзек жарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық – ел ішіне білінбей кірген індет, жау. Ал, біздің осы жауға қарсы қолданар қаруымыз – қоғам. «Қоғам – өмірдің айнасы» дейміз. Айналамыз таза болса, өзіміздің әсемдігіміз еріксіз байқалады. Сондықтан да қоғам қарсы болса, жай емес, түгел қарсы болғанда ғана бұл індетті жоймақпыз. Бұл індетті жою бәріміздің міндетіміз. Ол үшін кез келген адам санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруымыз керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтиды. Ол жеке тұлғаның жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте әрбір адам өзінен бастауы тиіс. Ол қандай қызмет саласында отырса да, сол қызметінде «Мен еліме не беремін, осы қоғамның, мемлекеттің дамуы үшін қандай үлес қосамын», – дейтін болса, өз жұмысына, айналасына әділ қарап, таза жұмыс істегенде ғана осы кеселді толық жеңе аламыз деп есептеймін.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дертті тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады.


Эльмира ОРЫНБАЕВА,
Қазығұрт аудандық пробация
қызметінің аға инспекторы.