АУДАН БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ТЫҢДАДЫ

Жұма, 20 Мамыр 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 136 рет

04-2

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Тұрбат және Шарбұлақ ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауыл тұрғындары өткен жылы атқарылған жұмыстарды бейнеролик арқылы тамашалады. Мұнан соң аудан басшысы алда атқарылатын жұмыстарды баяндап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында тұрғындар көшелерге тас төсеу, ауыз су, медициналық тірек салу, көшелерді жарықтандыру, жайылым жер секілді және өзге де бірқатар мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Аталған сауалдарға жауап берген аудан әкімі көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынатынын айтып, жауапты бөлім басшылары мен ауыл округтерінің әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

04-1
Кездесуден соң жеке қабылдауға жазылған тұрғындар аудан басшысына жеке мәселелері бойынша өз өтініштерін айтып, қолдау білдіруді сұрады. Аудан әкімі айтылған талап-тілектердің шешілу жолдарын қарастырып, заң аясында орындалуына көмек беретінін жеткізді. Кездесуден соң аудан басшысы жауапты мамандармен бірге Тұрбат ауыл округі, Өндіріс елдімекеніндегі Тастақсай өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Содан соң, Шарбұлақ-КХ 48 «Қазығұрт-Тұрбат», Шарбұлақ-КХ-88 «Шарбұлақ-Қарабау-Амангелді» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орта жөндеу нысанын аралап көрді.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.