ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

Жұма, 17 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 73 рет

16      аудан әкімі аралау

Аудан әкімі А.Абдуллаев аудандағы салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын көруде.
Атап айтқанда, КХ-48 Қазығұрт-Тұрбат-Өндіріс бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы, КХ-88 Шарбұлақ-Ақбастау-Қарабау-Амангелді бағытындағы су өткел көпірінің ағымдағы жөндеу жұмысын, КХ-48, КХ-88 автомобиль жолдарының орта жөндеу жұмыстарының барысын, Алтынтөбе, Жаңабазар, Жігірген ауыл округтеріндегі КХ-47 Сынтас, Қаржан, КХ-29 Сарапхана-Жаңабазар-1-мамыр авто жолдардың орта жөндеу жұмыстарын, Жігерген ауыл округіне қарасты "Есжанов", "Шыршықбаев", "Ұйымшыл", "Жамашов", "Ташқұл болыс" және Шақпақ елдімекеніндегі ішкі көшелердің орта жөндеу жұмыстарын аралап шықты. Тұрбат ауыл округіндегі Тастақсай өзені арқылы өтетін автожол көпірінің күрделі жөндеу жұмыстарын және Қотырбұлақ магистраль жанынан су қойма орнату құрылыс жұмыстарын бағамдады.
Қ.Әбдалиев ауыл округіндегі «Өзтүрік» көшесінің бойына 25м³ бочка орнату, Атбұлақ елдімекеніндегі Үмбеталиев, Ж.Қаппаров және С.Жүнісбек ата атындағы көшелерін ішкі орамдық газбен қамтамасыз ету, «Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қойма құрылысы жұмыстарын қадағалады
Сонымен қатар, тиісті сала басшыларымен бірге Сарапхана, Қ.Әбдалиев ауыл округтеріндегі жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын, атап айтқанда, Сарапхана ауыл округіндегі А.Байтұрсынов және Қ.Әбдалиев ауыл округіндегі П.Тәжібаев атындағы 200 орындық мектептерінің құрылысымен мұқият танысты.
Аудан орталығындағы салынып жатқан 20 пәтерлі екі қабатты 2 үйдің құрылысын, содан соң жазғы шомылудың алдын алу мақсатында орналастырған бекетті аралады. Қақпақ ауыл округіне қарасты жөндеуден өтіп жатқан Р-4 каналының ағымдағы жұмыс барысын көріп, дихандармен кездесті.
Құрылыс нысандарында болған аудан басшысы жауапты мердігер компания мамандарына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.
Сондай-ақ, жоспарланған жұмыстардың оң бағытта жүзеге асуы үшін бірқатар бөлім басшыларына атқарылып жатқан жұмыстарды жіті назарда ұстау керектігі жөнінде тапсырма беріп, алдағы уақытта оның нәтижесі сұралатынын ескертті.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.