БҰЛ МЕРЕКЕ – СОТ ЖҮЙЕСІНЕ ЖӘНЕ СОТҚА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Жұма, 17 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 86 рет

 220        Судья

Бұған дейін ҚР Жоғарғы соты Қазақстандағы мереке күндерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындаған болатын. Бұл туралы «Мереке күндерінің тізбесі 13-1-тармақпен толықтырылсын: 24-маусым — «Судья және сот қызметкері күні», – делінген болатын қаулы мәтінінде.
Сот қызметкерлері күні Конституциялық негіздерді дамытуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, жеке адамның құқығы мен заңды мүддесін қорғауға қосқан үлесі үшін сот қызметкерлеріне құрмет ретінде ұсынылды.
Осынау 24-маусымды «Судья және сот қызметкері күні» кәсіби мерекесі деп белгілеу кездейсоқ емес. 1992-жылы дәл осы күні тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап қолданыста болған «Қазақ КСР-нің сот жүйесі туралы» заңға тек соттың сот төрелігін жүзеге асыруы туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сонымен қатар онда республика соттары болып Жоғарғы сот пен жергілікті соттар (облыстық, қалалық, аудандық), сонымен бірге жаңадан құрылған әскери соттар көрсетілді.
Қазақстан Республикасында 24-маусым «Судья және сот қызметкері күні» болып жарияланды. Бұл күн кездейсоқ таңдалмады, дәл осы күні 1992 жылы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қолданыстағы «Қазақ КСР сот құрылысы туралы» Заңға сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. ҚР президенті Қасым Жомарт Тоқаев 24 маусым күнін Соттар Күні деп бекіткен болатын. Биыл алғашқы рет кәсіби мерекесін тойлағалы отырған сот саласының мамандары қандай жетістіктерге жетті? Ата заңға енген Конституциялық сот деңгейін көтеру мәселесі қалай? Жеке кәсіби мерекелерін биыл алғаш рет атап өткелі отырған сот саласы осынау уақыт аралығында көптеген жетістікке жетті. Сот жүйесі тәуелсіздік алған тұстан бастап жалпы елдің жағдайымен қатар даму үстінде. Ковид індетінің кезінде аса қажетті болған сот саласындағы цифрландыру жүйесі де оңтайланып, бір қалыпқа түсті. Ауданымызда жергілікті соттарда өтіп жатқан барлық сот отырыстары аудиобейнежазбаға жазылып, серверлерге сақталатын болды. Бұл өз кезегінде ашықтықты да қамтамасыз етіп отыр.
Сондай-ақ, сот жүйесіндегі жаңа­шылдықтардың бірі – ата заңға енетін түзетулер. Конституциялық реформадағы ең үлкен өзгерістердің бірі жаңадан құрылатын институт – Конституциялық сот. Ол кез келген ҚР азаматының конституциялық құқығын қорғайды. Бұл институтқа Президент, Парламент палатасының спикерлері, депутаттар, Үкімет, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және ең бастысы еліміздің кез келген азаматы өзінің құқықтарын қорғау бойынша жүгіне алады. Бұл нақты өзгерістерге бет алған еліміз үшін – үлкен бастама деген болар едім.
Ата заңымызға енген өзгерістерге байланысты мемлекет басшысы өз үндеуінде айтқандай, Конституциялық сот – ашықтық пен әділдіктің кепілі болмақ. Осы орайда, Жаңа Қазақстанды құрудағы жаңа бастамаларға әріптестерімді, барша қазақстандықтарды белсене ат салысуға шақырған болар едім!
Осынау елімізде ең алғаш рет аталғалы отырған мереке қарсаңында барлық судьялар мен сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, қиын жұмыста – сот төрелігін жүзеге асыруда сәттілік тілеймін!

Дурия АМАНТАЙҚЫЗЫ,
Қазығұрт аудандық
сотының судьясы.