24 МАУСЫМ – СУДЬЯ ЖӘНЕ СОТ ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ!

Жұма, 17 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 82 рет

 211     И.ТОҒЫЗБАЕВ1

Үкімет «Қазақстан Республика­сы­ндағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасын мақұлдады.
Бұл тізімді 24 маусымда атап өтілетін жаңа кәсіби мереке – «Судья және сот қызметкері күнімен» толықтырылды. Бұл күн кездесоқ таңдалған жоқ.
1992 жылы 24 маусымда егемендік алғаннан кейін «Қазақ КСР-нің сот жүйесі туралы» Заңға алғашқы түзетулер енгізілген Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық, қалалық, аудандық соттардың сондай-ақ жаңадан құрылған әскери соттардың сот төрелігін жүзеге асыруын қамтамасыз етті.
Заң қабылданғаннан бергі 30 жыл ішінде сот жүйесі реформалау мен жаңғыртудың бірнеше кезеңінен өтті. Конституциялық негіздерді дамытуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін судьяларға, сот жүйесі қызметкерлеріне құрмет ретінде аталған күн мереке күні болып бекітілді.
Аталған мерекеге орай жалпы Қазығұрт аудандық сот ұжымы атынан және өз атымнан «24 маусым – Судья және сот қызметкері күнімен!» барша Судьялармен сот қызметкерлерін құтықтаймын, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін. Еліміз үшін адал еңбек еткен жолында тек биіктен көрініп, абыройлары асқақтай берсін.
Мереке қарсаңында аудандық сотта біршама өзгерістер орын алды атап айтар болсақ: 2017 жылдың қараша айынан бастап, абаттандыру жұмыстары жүргізілді, яғни соттың ішкі жағында көркем банерлер ілінді, сот залдарында билердің сөздері жазылған банерлер ілінді, сыртқы қоршаулары (забор) салынды, сыртқы және ішкі әжетханалар салынды, жарамсыз ғимараттар алынып тасталынды, сот залын электронды іс қарау залына өзгертілді онда қашықтықтан қаралатын яғни онлайн форматта өтетін барлық істер қаралады.
Ақпараттық орталық фронт офись ашылды онда адвокаттар кабинеті, медиация кабинеті және сот кабинеті орналасқан.
Халық пен сот арасын жақындату, тараптарды келісімге келтіру мақсатында сот ішінде медиация бөлмесі ашылды. Ауданның барлық ауыл аймақтарында сотқа дейінгі медиация кабинеттері ашылып онда кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар жұмыс жасауда.
Аудан орталығында Қазығұрт ауыл әкімшілігінде медиация орталығы ашылды. Медиаторлармен аудандық сот тығыз байланыс орнатқан.
«Сот кабинеті», «True Conf» сынды бағдарламалар сот процестерінің аудио және бейне тіркеуінің жетілдірілген жүйесі шын мәнісінде, сот төрелігі ашықтығымен қамтамасыз етудің ғаламат құралына айналды.
Көп жағдайда бұл қолданысқа енген жайттар – сот процесінің әрбір қатысушысы қазір Сот кабинетіне кіріп, процестің бейне және аудио жазбаларымен таныса алса, ал «True Conf» бағдарламасы сот процесіне онлайн режим арқылы қашықтықтан қатыса алуға мүмкіндік берді. Осылайша, сот өндірісінің бүкіл процесі толықтай ашық бола түсті және бұл жүйені толықтай енгізу қандай да бір процессуалдық заң бұзушылықтарды азайтты. Осының бәрі сот саласының халық үшін атқарылып жатқан игі істерінің бірі деп білемін.
Сот жүйесінің беделі одан әрі нығайып, тұғыры биік болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мереке құтты болсын!.

И.ТОҒЫЗБАЕВ,
Қазығұрт аудандық
сотының төрағасы.