ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жұма, 24 Маусым 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 156 рет

10    аудан

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Алтынтөбе ауылы округі, «Қаржан» ауылдық клубында жер мәселесі жөнінде тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов, аудандық прокуратура өкілі, аудандық ішкі істер бөлімінің, кадастр, жер қатынастары бөлімінің басшылары қатысты.
Жиын барысында аудан әкімі жер мәселесі бойынша жинақталған құжаттармен халықты құлағдар етті. Кездесуде 15 азамат жарыссөзге шығып, өз ойларын айтты. Халық жиналысқа келген билік өкілдерінің жеткізген мәліметтеріне қанағаттанатынын жеткізді.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.