ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

Жұма, 01 Шілде 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 149 рет

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты кезекті Жолдауын жолдады. Жолдау негізінен саясат аумағын кешенді қайта қарауды, бір жағынан ұлттық қауіпсіздікті нығайту, екінші жағынан азаматтардың әлеуметтік бастамалар арқылы қоғам өміріне араласуына кеңінен мүмкіндік беруді мақсат тұтқан. Жолдаудың тереңіне үңілсек, Қазақстанның тәуелсіз тарихында қабылданған саяси құқықтық және әкімшілік шаралардың нәтижесін сараптай келе, қабылданған шешімдер 30 жылдың нәтижесі екенін көруге болады. Мысалы, демографиялық жағдайдың өзгеруі. Демографиялық жетістігіміз негізінде республикада тағы 3 өңір облыс мәртебесін алды.
Міне, бүгінгі жеткен жетістік – енді Абай, Жетісу, Ұлытау деген тарихи атауларды иемденіп, 3 жаңарған өңір әлеуметтік-экономикалық дамудың бастауында тұр. Сонымен қатар, тарихи атаулар мен ұлы тұлғалардың атын жаңғыртудың да мәні зор, ұлттық дүниетанымға, ұлттық санаға терең рухани талпыныс береді, Үкімет тарапынан халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданып отыр. Жаңа Қазақстанның күн тәртібінде азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс тапшылығын жою, халықты жұмыспен қамту болып отыр. Соның бірі – «Бақытты отбасы» сияқты жобалар арқылы көп балалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарға 20 мың жұмыс орнын құру.
Президентіміз биылғы 2022-жылды Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай аудандық балалар кітапханасында «Балалар – біздің болашағымыз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жоспарлы түрде байқаулар, іс-шаралар өткізілуде. Жолдаудан түйгеніміз, Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолы басталды деуге болады.
Жаңа Қазақстан дегеніміз – барлық адамға тең мүмкіндік беру, елдің саяси өміріне белсене араласатын мықты азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құру. Және де азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалайтынын атап өткен Президентіміз өз Жолдауында халқымызға салмақты ой тастап, дәлелді тұжырым жасай отырып, нақты бағыт ұсынды. Осы орайда, аудандық балалар кітапханасының оқырмандарымен «Жолдау – ел ертеңінің бағдары» атты кітап көрмеге кеңінен шолу жасалынды. Еліміздің ертеңі мен болашағы үшін алдағы уақытта қыруар жұмыстар атқарылмақ. Егемен еліміздің тәуелсіздігі тұрақты, іргесі берік болсын!

Алтынай ТАТАЕВА,
аудандық балалар кітапханасының библиографы.