Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Талапұлы Қабденовтың бұйрығымен Қазығұрт ауданының полиция бөлімінің бастығы тағайындалды. Полиция подполковнигі Ермеков Мұрат Мұхтарұлы аудандық полиция бөлімін басқаратын болды.
Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдуғали Сейдуалиев арнайы таныстырды. Мұрат Ермеков осы уақытқа дейін көптеген басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары өз сөзінде тапсырылған міндеттердің үдесінен шығып, ауданда қылмысты болдырмай, жақсы көрсеткіштермен көзге түсетініне сенетінін айтты.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.