«ПАРАСАТ» ПІКІРТАЛАС КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жұма, 01 Шілде 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 139 рет

779-2

2022-жылдың 24-маусым күні Сарапхана ауылында «Жер мәселесі» тақырыбында кезекті клуб отырысы өткізілді. Клуб кездесуіне аудан әкімі А.Абдуллаев, парасат клубының мүшелері, ауданның ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың басшылары және тиісті мекеме басшылары қатысты. Кездесуді «Парасат» пікірталас клубының Сарапхана ауыл округі бойынша сайланған төраға Ш.Досмурзаев жүргізіп ­отырды.
Клуб отырысында қазіргі уақытта еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі болып саналатын жер мәселесі жан-жақты және қызу талқыланды.
Айтылған ұсыныстар мен пікірлерді мұқият тыңдаған аудан әкімі Арман Абдуллаев қойылған сұрақтарға заңға сәйкес жауап берді. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда ашық диалог жүргізуге және бірлесе отырып шешу жолдарын қарастыруға дайын екенін жеткізді.
Клуб мүшелері талқыланған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылдады.
Кезекті кездесу «Парасат» пікірталас клубы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша А.Өсербаевтың төрағалығымен ауданымыздың орталығы Қазығұрт ауыл округінде 30-қыркүйек күні сағат 10.00-де «Халыққа қызмет көрсету мәселелері» тақырыбында өткізілетін болып бекітілді.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.