АУЫЛДАРДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБУДА

Жұма, 15 Шілде 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 304 рет

Қазір әлемдегі шиеленіскен жағдайларға қарамастан, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық жағдайына баса мән беріліп, Жаңа Қазақстан құру бағытында Президентіміз Қ.Тоқаевтың тапсырмаларына орай жергілікті атқарушы билікке де орасан зор міндеттер жүктеліп отыр. Ауылдардың әлеуметтік мұң-мұқтаждарын шешу барысында аудан әкімі А.Абдуллаев жергілікті тұрғындардың өтінішін тыңдап, қордаланған мәселелерді шешуге бар күшін салуда. Ауылдардың әлеуеттік жағдайын көтеру үшін жоспарлар жасап, кезең-кезеңімен іске асыру – басты назарымызда. Осы орайда Қақпақ ауылы округі көлемінде маңызды бірқатар жұмыстар атқарылып келе жатқан бірқатар шараларды айта кетуді жөн көрдік.

Газ жүйесіне қосу жұмыстары бойынша
Қақпақ, Заңғар және Сырлысай елді мекендерінің ішкі көшелеріне газ құбыры құрылысын жүргізу толық аяқталып, ҚазТрнасГаз мекемесінен рұқсат алған азаматтардың Қақпақ елді мекенінен 360 үйге, Заңғар елді мекенінен 20 үйге, Сырлысай елді мекенінен 22 үйге газ жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп көгілдір отынын жағып пайдалануда, қалған тұрғындар газ кіргізуге тиісті құжаттарын реттеу үстінде.

Ескірген электр бағаналарын ауыстыру бойынша

Заңғар, Сырлысай елді мекендерінің электр желілерімен электр бағаналарын ауыстыру жұмыстарын жүргізу үшін 126085,5 мың теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз болып анықталған мердігер мекеме «Еділ Строй» ЖШС құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, бүгінгі таңға ел игілігіне пайдалануға берілді.

2

Сырлысай елдімекеніне мектеп құрылысы бойынша
Қақпақ ауыл округі, Сырлысай елді мекені 200 орындық мектеп құрылысына Облыстық бюджеттен 561961,0 млн. тенге қаржы қаралып, мердігер мекеме «ALTYN LTD» ЖШС 2022 жылға қаралған қаржыны толық игеріп, осы жылы қыркүек айына құрылыс жұмысын аяқтап пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Шағын гидро электр станция құрылысы бойынша
«Ынтымық» Ө/К өз қаржысы есебінен 400,0 млн теңгеге Қақпақ ауылы округі, Заңғар елдімекенінен қуаттылы 1,3 МВт/сағ шағын гидро электро станциясын салу жұмыстарын жүргізуде. 2022 жылдың желтоқсан айына пайдалануға беру жоспарлануда.

Сырлысай елдімекенінде ішкі көшелерге шағал төсеу жұмысы
Қақпақ ауылы округі, Сырлысай елді мекенінде ішкі көшелерге шағал төсеу жұмыстарын жүргізу үшін 50095,0 мың теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз болып анықталған мердігер мекеме «Андас Груп» ЖШС елді мекеннің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі таңға7 көшеге шағал төсеу жұмыстары толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Айнатас-Қақпақ бағытындағы асфальт жолы орта жөндеу жұмыстары
КХ-45 «Айнатас-Қақпақ» облыстық маңызы бар автомобиль жолын орта жөндеуден өткізужұмыстарына621107,0 мың теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз болып анықталған мердігер мекеме «Базис-К» ЖШС жолды орта жөндеуден өткізу жұмыстарынжүргізуде.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша
«Азия бау» ЖШС 1 га жерге жылыжай құрылысын салып, қазіргі таңда іске қосып жылыжайда қызанақ өндіріп, піскен өнімін халықтың игілігіне пайдалануға сатуда.
Қақпақ ауылы округі көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерге 2022 жылдың өнімі үшін 1041,7 гектар күздік бидай, 215 гектар арпа егілген.
Бүгінгі таңда астық ору науқаны басталып агро құрылымдар егілген арпаның әр бір гектарынан 15,8 цн-ден өнім алуда. Бидай ору науқанына әзірлік жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік сала бойынша
Ауыл көлеміндегі барлық мекемелердің аулаларына күл қоқысқа арналған контейнерлер қойылып, аптаның әр жұмасы күні көше бойындағы мусорлар арнайы орынға шығарылып,тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Көше бойындағы панолар жаңартылып, биылғы жылы әр даталы күндерге немесе мемлекеттік бағдарламаларды насихаттайтын панолар жаңартылып ілініп келеді.

Мақсат ЗАИТОВ,
Қақпақ ауылдық округінің әкімі.