КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТӨРТ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Жұма, 15 Шілде 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 294 рет

Қазығұрт аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы жиырма тоғызыншы сессиясы өтті. Оған аудан әкімі А.Абдуллаев, аудан әкімдігінің мүшелері, бөлім, мекеме, құқық қорғау органдарының, аудандық ардагерлер ұйымының, қоғамдық ұйымдардың басшылары, ауыл әкімдері, мектеп директорлары, денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

7-29
Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев төрағалық жасады. Онлайн-трансляция режимінде өткен жиында 4 мәселе қаралды:
1. Қазығұрт ауданындағы қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы;
2. Жаңабазар ауылдық округі әкімінің есебі туралы;
3. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының Сарапхана, Жаңабазар және Жігерген ауылдық округтері елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы;
4. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019-жылғы 11-қаңтардағы «Қазығұрт ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №39/257-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер тұрақты комиссия мәжілісінде қаралып, талқыланды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Әлсейітов, Жаңабазар ауыл округінің әкімі А.Ақжолов, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Бөбетов, аудандық полиция бөлімінің бастығы М.Ермеков баяндама жасап, түсінік беріп өтті және депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Қазығұрт ауданындағы қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы және Жаңабазар ауыл округі әкімінің есебі туралы мәселені сессияға әзірлеу үшін арнайы құрылған уақытша комиссияның қорытындысы бойынша аудандық мәслихат депутаттары А.Аширбаев пен С.Оразбаев қосымша баяндама жасады.

Олжас ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ.