АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жұма, 15 Шілде 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 319 рет

140

Жуырда аудан әкімі А.Абдуллаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022-жылғы 03-наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Алтынтөбе және Жаңабазар ауыл округ тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Кездесуде тұрғындар ішкі көшелерді асфальттау, ­жайылым жер, жарықтандыру, ауыз су, электр бағаналарын жаңарту мен көше бойларына автокөліктердің жылдамдығын бәсеңдетуге арналған құрылғыларды орнату сияқты өзекті мәселелер көтерді. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді А.Абдуллаев мұқият тыңдап, қойылған барлық сұрақтарға жауап берді және әрбір ұсынысты үнемі назарда ұстап, олардың шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

140-1
Сондай-ақ, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлармен таныстырды.
Сонымен қатар, іс-сапар барысында азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, қойылған сұрақтарға заң аясында жауап берді.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.