АРДАГЕРЛЕРДІҢ КИЕЛІ МЕКЕНГЕ САЯХАТЫ

Жұма, 16 Қырқүйек 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 70 рет

0dab2cf7-23d9-4a15-942d-e711f6ca883a

Жуырда аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаровтың бастамасымен ауданның 17 ардагері киелі Түркістан қаласына саяхат жасап қайтты. Түркістан қаласынан кіре берістен Түркістан облысы әкімі аппаратының қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Самат Расулов күтіп алып, саяхат жасауымызға үлкен көмегін тигізді.
Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Ең алдымен, қариялар ислам дінін таратушы, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама, әулие, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесіне зиярат етіп, мұндағы тарихи құнды жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, осында жерленген жүздеген хандарымыз бен билеріміз, батырларымыз бен ақындарымыз, әулие-әмбиелерімізге арнап құран бағыштады.

c5bee6c6-c92e-465e-9517-572bc0314a39
«Тұңғыш Президент» саябағы да жаңашылдықты көрсетіп тұрғандай. Ал жанындағы «Керуен сарайды» ерекше айтпасқа болмас. Сонау Шығыс пен Батыстың жолын жалғап тұрған керуен жолының бір бөлігі іспетті. Ол жерде ардагерлерге жақсы жағдайлар жасалынған. Әсіресе денсаулығына байланысты қозғалуы қиын ардагерлерді арнайы көліктер алып жүрді.
Түркістанда бұрын болғанымен, тап қазіргі көркейген келбетін көрмеген ақсақалдар аз уақыт ішінде шаһардың жаңа кейіпке еніп, адам танымастай өзгеріп кеткендігіне өздерінің таңқалыстарын білдіріп, саяхаттан рухани серпіліс алып қайтты.

Б.ЖҮНІСОВ.