САЯСИ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ЖАЛҒАСЫ

Жұма, 16 Қырқүйек 2022 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 69 рет

033Кайым агай

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, VII шақырылымдағы Парламенттің III сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады.
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деп аталатын жаңа Жолдау «Жаңа экономика­лық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту», «Заң және тәртіп» сынды бағдарлардан және тағы бір тың саяси реформаларды қамтитын қорытынды бөлімнен тұрады.
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалық етуімен өткен Парламент Мәжілісінің VII шақырылымы III сессиясының алғашқы жалпы отырысында да Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауының басымдықтары талқыланды.
Палата Төрағасы сессияда сөйлеген сөзінде бұл Жолдаудың бұрын басталған реформалардың қисынды жалғасы екенін атап өтті.
Елдің болашақ дамуы мен тағдырына қатысты ауқымды мәселелер көтерілген маңызды құжатта Мемлекет басшысының алғаш рет болашақ сайлау науқандарының кестесін жариялап, еліміздің бүкіл саяси жүйесінің жаңарып-жаңғыруына жол ашып берді. Бұл биліктің ашықтығын және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің нығаюын айқын көрсетеді әрі еліміздің жаңару жолында жасалған нық қадамдар деп білеміз.
Негізінен Мемлекет басшысы Жолдауда айтқан барлық мәселе қоғам сұранысына сай келеді. Қазір қазақстандықтарды толғандыратын ең басты мәселе – экономиканың дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру. Елді баға мен тарифтердің өсуі алаңдатып отыр. Мемлекет басшысы «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертуді ұсынды. Оның басты мақсаты – бизнес ашып, кәсіпкерлікпен айналысу үшін тең мүмкіндіктер жасау, экономикалық еркіндікті қолдау, мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту. Сонымен бірге салық және бюджет жүйесін жаңғыртуға, бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға, мемлекет-жекеменшік әріптестігі мен мемлекеттік сатып алу механизмдерін жетілдіруге, отандық бизнес үшін несие ресурстарының тапшылығы мәселесін шешуге ерекше басымдық беріліп отыр. Халықтың қамын ойлау, оларға қамқорлық таныту, сапалы білім беру, медициналық қызметтерді жақсарту, жастар мен педагогтерді қолдау сияқты мәселелер – мемлекеттің басты назарында. Маңызды құжатта айтылған өзекті мәселелер жеткілікті. Мәселен, Президент екі жыл ішінде 650 елді мекенде медициналық нысандар салынатынын мәлімдеді. Төтенше жағдай режімінде жұмыс істейтін және үш ауысымда оқитын мектептер мәселесі шешіледі. 2025-жылға қарай 800 мыңнан астам бала заманауи мектептерде оқиды. Ең төменгі жалақы деңгейі 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өседі, бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді.
«Биылғы Жолдаудағы тың бастама – бұл балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын аудару. Бұл әлеуметтік әділдік орнатудың бастамасы деп білеміз.
Жолдау жүктеген міндеттерге орай сот және құқық қорғау, мемлекеттік басқару жүйе-лерінде де біраз реформалар жүргізілетінін жеткізді.
Сондықтан, бар күш-жігерімізді ел Президентінің бастамаларын қолдауға және жүзеге асыруға жұмылдыруымыз керек.

Қайым АХАЕВ,
Көкібел жалпы орта мектебі
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.