Екінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М. Құл-Мұхаммедтің келісімін алған, бүгінге дейін аудан әкімдігінің аппаратын басқарған Ә. Қожаханның «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жеткізіп, алдағы қызметінде табыстар тіледі.
Сөзге шыққан аудан әкімі Т. Телғараев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ө. Көпеев, ардагерлерден М. Ильясов, М. Момынов аталмыш партияның аудандық филиалы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасарына атқарған нәтижелі еңбектері үшін алғыстарын білдіріп, тиісті сый-құрметтерін көрсетті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының жаңадан тағайындалған бірінші орынбасарына жұмыстарына сәттілік тіледі.
Т. БЕРДІҚҰЛ.