Сенаторлыққа кандидаттармен кездесті

Дүйсенбі, 26 Маусым 2017 09:58 Жарияланды Саясат Оқылды 490 рет

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлер Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттарымен кездесу өткізді.
Облысымыздан ҚР Парламенті Сенатына үміткер ретінде тіркелген Сейітжаппар Есжанов, Әлімжан Құртаев және Асылхан Темірханның сенімді өкілдері олардың өмір жолы жөнінде мағлұматтар берді.
Сенат депутаттығынан үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
Аудандық мәслихат депутаттары атынан Ө.Көпеев сенаторлыққа үміткерлерге сәттіліктер тілей отырып, сайлауалды бағдарламаларына киелі жерлерді, соның ішінде қасиетті Қазығұрт тауын қалың елдің игілікті орнына айналдыру жөніндегі ұсынысын енгізуді өтінді.
Кездесуді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Өмірәлиев жүргізіп отырды.