Н. НАЗАРБАЕВ: «ҰҚК көптеген қауіптің алдын алып, талай лаңкестік әрекеттің жолын кесті»

Дүйсенбі, 31 Шілде 2017 09:58 Жарияланды Саясат Оқылды 273 рет

Ұлттық қауіпсіздік қызметі көзге көрінбес майданда күн-түн демей еліміз үшін абыройлы да жауапты жұмыс атқарып келеді. Осы жылдар ішінде орган көптеген қауіптің алдын алып, талай лаңкестік әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған мерекелік концертте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Без названия 2


«Арнаулы қызметтегі адамдардың барлығы жалпы құқық қорғау, әскери органдар да оның ішінде сіздердің органдарыңыз көзге көрінбес майданда күн-түн демей еліміз үшін абыройлы да жауапты жұмыс атқарып келеді. Осы жылдар ішінде Ұлттық қауіпсіздік органдары көптеген қауіптің алдын алып, талай лаңкестік әрекеттің жолын кесті. Мен оның бәрін білемін. Ұлттық қауіпсіздік органдарына біліктілігіменен даярлығы жоғары, білімі, сезімі, отансүйгіш жүрегі бар ғана адамдар қабылданады», - деді ол.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҰҚК қызметкелеріне мемлекет тарапынан тиісті жағдай жасалып жатқандығын атап өтті.
«Оларға алаңсыз және адал қызмет үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Қауіпсіздік органдары тікелей президентке бағынатын болғаннан кейін менің көз қырағымда әр уақытта сендердің жүріс-тұрыстарың, тұрмыстарың тұрады», - деді Қазақстан президенті.
Сөз соңында Елбасы Ұлттық қауіпсіздік қызметкелерінің алдына қойылған міндеттер әрқашан маңызды екендігін айтты.
«Қауіпсіздік құрылымдары алдында тұрған міндеттер аса маңызды. Қазақстанның қауіпсіздік қызметі адамдарының алдында тұрған жауапкершілік, талап өте жоғары. Оны өздеріңіз білесіздер», - деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

Дәурен ЕРБОЛАТ