Елбасы орталықтың жұмысымен танысты.

Сейсенбі, 23 Қазан 2018 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 85 рет

858585

         Оның негізгі міндеті – баламалы энергетика технологиясын көрсету және тұрғын үйлерді ыстық сумен, жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ету үшін оны пайдалана білуге үйрету.

Орталықтың ғимараты күн панелдерімен, газ поршенді станциямен, геотермальді жүйемен, сондай-ақ, жел генераторларымен жабдықталған. Мұнда қала тіршілігін қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инженерлік желілеріне мониторинг жүргізу орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығы, Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы әкімінің аппараты орналасып, жұмыс жүргізуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев енгізілген жаңалықтарға оң баға беріп, «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінде таныстырылған «жасыл» технологияларды тәжірибеде қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының әкімі Қазақстан Президентіне облыс орталығының даму барысы, сондай-ақ, Ақтөбе агломерациясын, «SmartCity Ақтөбе» жүйесін және қаланың қоғамдық кеңістігін құру жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы мәлімдеді.

Соңында Елбасы Ақтөбе қаласының одан әрі дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.