ЕЛБАСЫ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕРДІ ТҮСІНДІРДІ

Жұма, 02 Қараша 2018 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 72 рет

Жолдауға қолдау

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 5-қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөнінде Қазығұрт ауданында ақпараттық үш топ құрылды. Аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов жетекшілік ететін бірінші топ Шарбұлақ, Тұрбат, Қызылқия және Қақпақ ауыл округі тұрғындарымен кездесті. Оған топ мүшелері, аудандық ішкі саясат пен аудандық білім бөлімдерінің басшылары А.Серкебаев (топ жетекшісінің орынбасары) пен А.Үйсінбаев, аудандық аурухананың бас дәрігері Д.Піртаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы П.Ырсалы қатысты. Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Нұрзия Майлыбаева Жолдауды түсіндіріп, баяндама жасады.

Аудан әкімінің орынбасары Тайбек Қалымбетов жетекшілік ететін екінші топ Қ.Әбдалиев, Шанақ, Шарапхана, Қарабау және Алтынтөбе ауылы округі тұрғындарымен кездесті. Оған топ жетекшісінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Қожахан, топ мүшелері аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, аудандық ветеринария, аудандық кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары Ә.Жаншуақов, А.Баймұрзаев, Ә.Ертаев, А.Көшкінбай және «Киелі Қазығұрт» газетінің бас редакторы С.Мәмбеталиев қатысты. Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Зүбайра Досанбаева баяндама жасап, Жолдауды жан-жақты түсіндірді.

Аудан әкімінің орынбасары Серік Нұрманов жетекшілік ететін үшінші топ Қазығұрт, С.Рақымов, Жігерген және Жаңабазар ауылы округі тұрғындарымен кездесті. Оған топ мүшелері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық экономика және қаржы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары Аймен Өсербаев (топ жетекшісінің орынбасары), М.Сапиев, Б.Құралбаев, Қ.Бұхаров, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айдос Өсербаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының консультанты А.Момынқұлов және «Қазығұрт айнасы» газетінің редакторы Р.Айтубай қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Өмірзақ Мұстафаев Жолдаудың негізгі мазмұнын түсіндіріп, Елбасымыздың міндеттеген тапсырмаларын айқындап айтып берді.

«Қазығұрт-ақпарат».