Елбасы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын табыстады

Жұма, 14 Желтоқсан 2018 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 244 рет

7c82e6d6fa0be89bb7ac1af342434a74

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО Конгресс орталығында өткен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірі барысында «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттады.

Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіндегі республикалық «Парыз» сыйлығының бас жүлдесі, Президенттің гран-приі «Қазцинк» компаниясына табысталды. Бұдан бөлек, Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының «Ең үздік индустриялық жоба» аталымында «AZALA Textile»ЖШС лайықты деп танылса, «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «KazTechInnovations» ЖШС топ жарып, Елбасының қолынан “Алтын сапа» сыйлығын алды. Айта кетерлігі «AZALA Textile» ЖШС мақта-мата өнімін халықаралық өндіруші ретінде танылған. Компания экспортының үлесі 65 пайызды құрайды. Ал «KazTechInnovations» ЖШС бірегей көзілдіріктер шығарады. Бұл қрылғылар 360 градус режімде бейнетүсірілім жасауға мүмкіндік береді. Мұнымен қоса рейтинг қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы үздік деп танылды. Сондай-ақ, Қызылорда облысы бизнес жүргізуге жағдай жасаған үздік өңір ретінде алға шықты.