Елбасы бірқатар заңға қол қойды

Жұма, 28 Желтоқсан 2018 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 46 рет

         

b550afcf1bc298d4e3dba591a3326ab6 XL

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды, – деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы халықтың жұмыспен қамтылуы саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.