Үгіт жұмыстарын ширатқан абзал

Жұма, 04 Қаңтар 2019 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 211 рет

Комиссия

 

Жуырда аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Оны комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов жүргізіп отырды.

Күн тәртібіне мына төмендегі екі мәселе ұсынылды. Бірінші мәселе, «Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың (суицид) алдын-алу бойынша аудандық білім бөлімінің және «Шарбұлақ», Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейі, Абай (Жігерген) жалпы орта мектептерінде орын алған өз-өзіне қол жұмсаулар туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы А.Үйсінбаевтың, «Шарбұлақ» жалпы орта мектебі директоры Ж.Жансейітованың, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің директоры Р.Бөбетовтың, Абай атындағы жалпы орта мектебінің директоры С.Қожановтың есептері тыңдалды.

Екінші мәселе, «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жайлы» Қарабау ауыл округі әкімі міндетін уақытша атқарушы Б.Мырзақұловтың есебі тыңдалды.

Комиссия отырысын қорытқан С.Тұрсынқұлов жасөспірімдер арасында әлі де болса қамқорлықтың өз деңгейінде болмай отырғандығын жеткізе келіп, әрбір сала басшыларына жасөспірімдер арасында үгіт-түсінік жұмыстарын барынша ширата түсуді тапсырды.

Комиссия отырысында күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.

Ж.СҮЙЕУБЕКОВ.