Жинақталған 133 млрд теңге ұлттық қорда сақталады

Жұма, 08 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 78 рет

Медициналық сақтандыру

 

            Өткен жылдың желтоқсан айында медициналық сақтандыру қорына 10,4 млрд теңгеден астам жарна түсті.

Жүйе іске қосылған 2017-жылдың 1-шілдесінен 2018-жылдың 31-желтоқсанына, 1 жыл 6 айға дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд теңгені құрады.

Оның ішінде 124,3 млрд теңгесі (шамамен 93,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (6,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

А.С.БЕДЕН,

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының

Халықты ақпараттандыру және

өтініштерді қарау жөніндегі

                                                                               бөлімінің басшысы.