Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019-жылдың 9-маусымына белгіленді

Жұма, 12 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 228 рет

  

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне кепілдік берді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін. Бұл менің берік ұстанымым", деді Тоқаев ел халқына арнаған үндеуінде.

Президент алдымызда зор міндеттер тұрғанын, Қазақстан халқына сенім артатынын айтты.

– "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді", – дейді дана халқымыз. Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты, – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы ел халқына үндеу жариялап, Президенттің кезектен тыс сайлауы өтетінін мәлімдеген-ді. Мерзімінен бұрынғы сайлау осы жылдың 9-маусымында өтеді.