Кәсіпкерлерге сертификат табысталды

Сейсенбі, 23 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 141 рет

Жуырда Кәсіпкерлер палатасы Қазығұрт аудандық филиалында бизнес-жобаларды қорғау бойынша басқосу өтті. Онда ірі қара мал басын бордақылау жайы кеңінен қозғалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Атамекен «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша дәріс алған кәсіпкерлер тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш жоба аясында тренингті Нұр-Сұлтан қаласынан келген Жанна Маханова кәсіпкерлерге теориялық және практикалық оқу курсын оқытып, отыз жеті кәсіпкер сертификат алды.

1

2

 – Алдағы уақытта кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіледі деген сенім бар. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту, мал бордақылау ісін бір жолға қою, мал тұқымын асылдандыруда өзге аудандардан оқ бойы озып шығып, аудан эканомикасына сүбелі үлес қосып, болашағымыз жарқын болуы үшін еңбек етер болсақ, бәріне де үлгеруге болады,– дейді басқосуды қорытындылаған Кәсіпкерлер палатасы Қазығұрт аудандық филиалының басшысы Б.Абуов.

Асия СҮЙЕУБЕКОВА.