Сайлаушылар тілегі ескеріледі

Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 271 рет

 

Сайлауалдыүгіт-насихатжұмыстарыаясында‹өтіпжатқаніс-шаралардаазаматтаркандидаттарменолардыңсенімбілдірілгенадамдарына‹өзталап-тілектеріндежеткізіпжатыр. Президенттіктенүміткерлерәлеуметтіңәл-ауқатынкөтеругеқатыстымәселелердіңбәріназардаболатынынмәлімдеді.

«Ақ жол» демократиялық партиясынан президентікке кандидат Дания Еспаева Шымкент қаласының халқымен кездесті. Іс-шараға сайлауалды штаб мүшелері, Парламент Мəжілісі депутаттары жəне аймақтық штаб белсенділері қатысты. Кандидатпен кездесуге жергілікті кəсіпкерлер, мұғалімдер, дəрігерлер мен студенттер келді. Сондай-ақ көп балалы аналар да сол маңнан табылды. Президенттіктен үміткер жинал ған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сайлаушылар тарапынан негізінен жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, білім беру сапасы жəне зейнет жасының ұлғаюы сияқты əлеуметтік сұрақтар қойылды. «Мен барған кездесулердің барлығында дерлік əйелдер зейнет жасын ұлғайтпау туралы өтініштерін білдіреді. Бұл мəселе ауыл тұрғындары болсын, қала тұрғындары болсын – бəрін мазалап жүр. Жалпы, əлеуметтік мəселелер шешімін табуы үшін ел экономикасын жақсарту керек. Ал ол үшін кəсіпкерлікті дамытуды мықтап қолға алу қажет. Бұл менің сайлауалды бағдарламамда егжей-тегжейлі баяндалған», деді Д.Еспаева.

Сонымен қатар Шымкент қаласының ірі тоқыма фабрикасы ның қызметкерлері де өздерін қандай мəселе мазалайтынын жеткізді. Олардың айтуынша, кəсіпорынның жұмыс істемей жатқанына 3 жылдай уақыт болғандықтан, мыңдаған адам, оның көбі əйелдер қауымы жұмыссыз қалған. Д.Еспаева орын алған жағдайды реттеуді қаперінде ұстап, шешілуіне үлес қосатынын айтты.

                                                     * * *

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынған кандидат Төлеутай Рақым беков сайлаушыларымен бірге үгіт-насихат жұмыстарының аясында Нұр-Сұлтан қаласында өткен веломарафонға қатысты. Спорт шарасына 300-ге жуық адам қолдау көрсетіп, велосипедпен 20 шақырымнан аса қашықтықты еңсерді. Президенттіктен үміткер үнемі саламатты өмір салтын насихаттап, спортпен тұрақты шұғылдану керектігін, əсіресе жас толқынның осы бағытта белсенді болғаны маңызды екенін айтты. Елордадағы Ботаникалық бақта өткен іс-шарада Т.Рақымбеков бастаған əуесқой велошабандоздар біршама шақырымды артқа тастады. Жарысқа саябақ төңірегінде орналасқан үйлердің тұрғындары да қызығушы - лық танытып, қатарға қосылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық штаб өкілдері веломарафонды тамашалауға келген тұрғындарға үгіт-насихат материалдарын таратып, қолдауға шақырды. Веломарафонға қатысу шылардың басым бөлігі жастар болғандықтан, канди дат өзінің сайлауалды бағдарламасындағы жастар саясатының тиімді моделі туралы кеңінен айтып берді. Республикалық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов партияның үгіт-насихат жұмыстары жоспарға сай жүріп жатқанын, бірінші аптаға қарағанда, қарқыны күннен-күнге күшейгенін айтты. Жалпы, Т.Рақымбековтің сайлауалды штабы осы күнге дейін 300- ге тарта іс-шара өткізді.

                                                            * * *

Қазақстан Коммунистік халық партиясынан президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің сенім білдірілген адамдарына Тараз қаласында облыстық драма театрда белсенді жастармен жəне «Қазақстан Коммунистік жастар одағының» өкілдерімен кездесті. Жиынға партияның Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жарылқасын Нұралиев пен «Халық коммунистері» фракциясының депутаты Ирина Смирнова қатысты. Жамбыл облыстық сайлауалды штабы жастардың заманауи білімнің тасымалдаушылары екенін, басқа қоғам мүшелеріне қарағанда, өзгерістерге дайындықтарымен ұмтылыстары едəуір жоғары екенін ерекше атап өтті. Ж.Ахметбековтің сайлауалды бағдарламасын таныс тыру барысында Ж.Нұралиев жастардың ұстанымдары мен моралдық тəрбиесі тақырыбын тілге тиек етті. Ол мемлекет балаларды əлеу меттік желілер контентінің кері əсерінен қорғауы тиіс екенін, сонымен қатар көркем əдебиет, ұлттық жəне əлемдік классиканың үздік шығармаларын оқытуды насихаттауға ерекше назар аудару керектігін айтты.

                                                      * * *

Nur Otan партиясынан президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб мүшелері Түркістан облысында болды. Сапар барысында штаб басшысы Мəулен Əшімбаев бастаған топ Түркістанда салынып жатқан əкімшілік-іскерлік орталығының құрылысымен танысып, жұмысшылармен əңгімелесті. Сондай-ақ ардагерлер аллеясында зиялы қауым өкілдері мен болған кездесуде ашық əңгіме форматында өтті. Штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына Кентау трансформатор зауытының жұмысшылары мен кездесуде кеңінен тоқталды. Жалпы, кездесулерде сабақтастық, əділдік, өрлеу қағидаларына негізделген бағдарламада халықтың əл-ауқатын арттыру, жұмыс істейтін азаматтарға лайықты еңбекақы төлеу, əлеуметтік қызмет түрлерінің сапасын жақсарту сияқты басым бағыттар нақты көрсетілгені айтылды. Облыс активімен кездесуден соң штаб мүшелері А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де оқытушы профессорлық құраммен, студенттік ұйымдардың жетекшілерімен, сондай-ақ партияның «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысушылармен кездесті. Кандидаттың бағдарламасында жастар мəселесіне де ерекше мəн берілген. Штаб басшысы М.Əшімбаев жас ұрпақтың сапалы білім алып, бəсекеге қабілетті маман болып қалыптасуы, тұрақты жұмысқа орналасып, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі Қ.Тоқаевтың басты назарында екенін атап өтті.

                                                           * * *

«Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысы атынан президенттікке кандидат ретінде тіркелген Əміржан Қосановтың өңірлердегі сайлауалды штабының өкілдері шалғайдағы елдімекендерде үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізе бастады. Атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданында жəне Қызылорда облысындағы Сексеуіл кентінде іс-шаралар ұйымдастырылып, кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы нақтырақ талқыланды. Қоғамдық штабтар ауыл тұрғындарына Ə.Қосановтың өмір жолын, ұстанымын жеткізді. Бұған қоса жергілікті тұрғындарды 9 маусым күні өтетін президенттік сайлаудан қалыс қалмай, ел болашағы үшін дауыс беруге шақырды. Ал сайлаушылар кандидат туралы оң көзқараста екендерін білдіріп, қолдау көрсететіндерін жеткізді. Сонымен қатар облыс орталықтары мен үлкен қалаларда Ə.Қосановтың кандидатурасын қолдауға үгіттеген науқандық іс-шаралар жалғасын тауып жатыр. Соның бірі президенттіктен үміткердің сайлауалды штабының өкілдері белсенді жастармен бірге Алматы қаласындағы Абай-Алтынсарин көшелері ауданында акция өткізді. Іс-шара барысында сайлаушылармен сұхбат жүргізіліп, науқандық парақшалар таратылды, кандидат ұстанымының негізгі бағыттары түсіндірілді. Əрі-бері өткен жұрт қызығушылық танытып, кандидатты жан-жақты білгісі келіп, сұрақтарын қойды жəне бағдарламасын əлі де кеңейте түсу үшін ұсыныстарын жолдады.

                                                 * * *

«Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысынан президенттікке кандидат Сəдібек Түгелдің сайлауалды қоғамдық штабы үгіт-насихат жұмыс тарының аясында Ақмола облысында қолөнерден шеберлік сабағын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жал ғасып келе жатқан асыл қазынамыз – қолөнерімізді дамыту. «Қазақ ұлттық мəдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер. Соның ішінде ою-өрнектер – əсемдіктің белгісі ғана емес, халықтың арман-ойының, тілек-мүддесінің нышаны. Осы тұрғыдан алып қарағанда, ою-өрнектің мазмұндық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі шеберлік сабағы президенттіктен үміткер С.Түгелдің бағдарламасында қамтылған ұлттық өнерді, салт-дəстүрді дамыту бағыты аясында ұйымдастырылды», деді кандидаттың сайлауалды штабы басшысының орынбасары Д.Оралбекұлы. Аталған шеберлік сабағына қолөнерге қызығушылық танытатын жастар келіп қатысты. Талапты жастар шебер Ержан Кəрімханның қолөнер бұйымдарын тамашалап, жасалу əдіс-тəсілдерін үйренді. «Қолөнер – көрген көзге əдемі əсер ететін əрі тəрбиелік мəні бар нəзік дүние. Бұл – бағзы заманнан келе жатқан қадірлі дəстүріміз. Мен сол себептен ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген С.Түгелді қолдау үшін осы шеберлік сабағын өткізіп, жастармен тəжірибемді бөлістім. Өзім жасаған бұйымдар арқылы өскелең ұрпаққа ата-бабамыздың төл өнерін насихаттағым келді», деді ағаштан түйін түйетін Е.Кəрімхан.

Дайындағандар

Орынбек ӨТЕМҰРАТ,

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»