Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі күшейеді

Сейсенбі, 03 Қырқүйек 2019 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 436 рет

 «Халық үніне құлақ аса­тын мемлекетті» құру, аза­мат­тар, бизнес және мемлекеттік аппарат арасында тиімді өзара іс-қимылды жолға қою қажеті – Мемлекет басшысы Жолдауы­ның негізгі ұстыны. Осы тәсілдемені жүзеге асыру барлық салаларда үде­мелі әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған анағұр­лым сарабдал шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Экономикалық салада Жол­дау аясында шағын және орта бизнесті қолдау жүйесін қайта жандандыру мәселесіне ерек­ше көңіл бөлініп отыр. Бұл рет­те жаңа жобаларға басым­дық берілуі тиіс, тиісінше, жаңа жұмыс орындары да соларда құрылады, қосымша салық түсімдерін де солар арттырады. Бұған қоса, отбасылық шағын және ұсақ бизнестердің ашы­луын ынталандыруға, көп­балалы аналардың үйде отырып жұмыс істеуіне жол ашуға екпін түсіру керек. Шағын және орта бизнесті, әсіресе, жоғары өнімділікті, сондай-ақ экспортқа бағыт­талған өндірушілерді қаржы­лық, салықтық және әкімшілік ынталандыру шараларын жүзеге асыру қарастырылған. Агроөнеркәсіптік кешен секторында суармалы егіс аудандарын арттыру жұмысын жандандыру, ауыл шаруа­шы­лығы шикізатын өңдеу үлесін ұлғайту, сонымен қатар эко­номикалық айналымға қайта тарту үшін пайдаланылмай жатқан жерлерді кері алып қою жөнінде тапсырма берілді. Ел Президенті квази­мем­лекеттік сектордың тиімділігін арттыру, мемлекеттік кәсіпо­рындар санын қысқарту, мем­лекеттік сатып алу рәсімдерін одан ары жақсарту, әсіресе, та­биғи монополистер қызметінде және әлеуметтік маңызды та­уар­лардың жекелеген нарық­тарында баға қалыптастыру ісін тәртіпке келтіру мәсе­лелеріне жеке тоқталды. Атап өту керек, азаматтар мен бизнестің рейдерлік фак­тілерінен, жекелеген шенеу­ніктердің озбырлығынан не­месе әрекетсіздігінен қор­ға­луын күшейтуге бағытталған заң­намалық нормалар енгі­зілетін болады. Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтар мен кәсіпкерлердің пайдасына қарай шешілуі тиіс. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы маңызды баста­малар – мүгедектерді қолдауды күшейту, балалар құқығын қорғау, бұқаралық спортты да­мыту, халықтың аз қамтылған бөлігі үшін баспананың қол­жетімділігін арттыру, әрбір нақ­ты елдімекендегі көкей­кесті инфрақұрылымдық мәселелерді шешу. 2020 жылдан бастап, педа­гогтердің жалақысы 25%-ға көтеріледі. Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақы­сын көтеру параметрлерін анықтайды. Үкімет пен Ұлттық банк ал­дына банктердің эконо­ми­каны несиелендіру көлемін арттыру, тұтынушылық несиелендіру нарығында шектен шығуды болдырмау, сондай-ақ зейнета­қылық активтерді тиімді бас­қару міндеті қойылды. Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмектің әділетті әрі ынталандырушы жүйесін түзу қажеттілігін ерекше атап өтті. Ондай көмек тек шыны­мен соған мұқтаж адамдарға ғана ұсынылуы тиіс. Тұтастай алғанда, Прези­дент қойған барлық міндет­терді табысты жүзеге асыру үшін шешім қабылдау үдеріс­терінің айқындылығын арт­тыруға, олардың қабыл­да­нуына тікелей халықтың өзін тартуға негізгі салмақ салынуы керек. Сонымен бірге, инвес­тиция тарту, еңбек өнімді­лі­гінің өсімі, шикізаттық емес экспорттың ұлғаюы, жұмыс орындарын ашу мәселелерінде өз алдарына қойылған мін­дет­ке қол жеткізуі үшін мемле­кет­тік қызметшілердің дербес жауапкершілігі күшейтіледі.

 Aikyn.kz