Жолдауда жаңашылдық өте көп

Сейсенбі, 03 Қырқүйек 2019 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 325 рет

– Мемлекет басшысының Жолдауы – сарабдал жоспар. Онда Қ.Тоқаев халық үшін ең өзекті, кең талқыланып жүр­ген мәселелерді көтеріп, олардың шешімін ұсынды. Олардың ауқымы үлкен және эконо­ми­калық өркендеуге, Қазақстанды саяси дамытуға, әлеуметтік ахуалға қатысты болып келеді. Жолдауда мемлекетіміздің алға қозғалуына жол ашатын бірқатар нақтылы шара ұсы­нылып отыр. Атап айтсам, Пре­зиденттің пәрменді шеш­ім­дерінің бірі – ұсақ және шағын бизнестің барлық нысанын алдағы 3 жыл бойы табыс са­лы­ғынан босату. Бұл сөзсіз, қа­зақстандықтардың әл-ауқа­тын арттыруға, экономиканың үл­кен бір бөлігін қолдауға, кә­сіп­керлерді демеуге бағытталған. Алдағы 2020 жылдың қаң­та­рынан бастап, ұсақ және ша­ғын бизнесті тексеруге Прези­дент жариялаған үш жылдық мораторий күшіне енеді. Бұл да кәсіпкерлер тарапынан үлкен резонанс, қызу құптау туғы­зады деген ойдамын. Бұған қоса, Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің тұңғыш Жол­да­уында бизнес орта көтеріп жүр­ген ең көкейкесті проб­ле­ма­лар­дың біріне – экономи­ка­ны кре­дит­теу мәселесіне ден қой­ды. Ке­йінгі жылдары заңды тұл­ғаларды, компанияларды не­сие­лендіру көлемі құлдырап кетті. Кредиттеусіз экономика дами алмайды. Сондықтан Ұлт­тық банкке, Үкіметке осы түйт­кілдің түйінін тарқату, кәсіп­кер­лерді қолжетімді әрі ұзақ­мер­зімді не­сиемен қамта­масыз ету жөнінде тиісті тап­сырмалар берілді. Жалпы, экономика ұстыны болып есептелетін бизнесті қолдау бойынша бұл Жолдауда жаңашылдық өте көп. Олар отандық кәсіпкерліктің бәсе­кеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізуі қажет. Мемлекет басшысы төл Жол­дауында әлеуметтік мәсе­лелерге де баса мән берді. Олар­дың қатарында білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін ары қарай дамытумен, сондай-ақ театр, музей және басқа да мәдениет қызметкерлерінің жалақысын арттырумен бай­ланысты мәселелер бар. Өйт­кені бертіндегі жалақы көте­руге бағытталған шаралардан мәдениет саласы тыс қалып келді. Олай болса, әлеуметтік қамқорлық саясаты тағы бір қырынан толығып отыр. Бұдан бөлек, ел Президенті саяси салада жаңарулар одан ары жалғасатынын нақты мә­лімдеді. Бұл бағытта Мемлекет басшысы қойған шешуші мін­деттердің бірі – ең өзекті мәсе­лелерді және маңызды шешім­дерді талқылауға азаматтық қоғамды тарту болмақ. Сонымен қатар Қ.Тоқаев Қазақстанда көппартиялылық ары қарай дамытылатынын жариялады. Қоғамымыз Жол­дауда айтылған бастамаларды ықыласпен қабылдап, оларды іске асыруға ынта білдіреді деген сенімдемін.

Aikyn.kz