Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні

Жұма, 15 Қараша 2019 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 669 рет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» аттыҚазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биылғы жылғы
21 қарашада
өткізу жоспарланды.

Онда, барлық деңгейдегі әкімдер (облыс, аудан, қала, ауылдық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері) тұрғындарды қабылдайтын болады.

Осыған орай, Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Тұртайұлы Телғараевтың аудан тұрғындарын ағымдағы жылдың 21 қарашасында Қазығұрт елді мекені, Д.Қонаев көшесі №95 мекен жайда және барлық ауыл, ауылдық округі әкімдері тиісті әкім аппаратында сағат 9-00 ден
19-00 дейін
(түскі үзіліс сағат 13-00 ден 15-00 дейін) жеке қабылдауы өткізіледі.

Алдын-ала қабылдауға жазылу 8 (72539) 2-15-85, 2-19-71, 8701 726 67 57, 8705 857 53 67   байланыс телефондары арқылы2 019 жылдың 15 қарашасы күні сағат 9-00 ден басталып 20 қараша күні сағат 19-00 дейін жүргізіледі. Сонымен қатар, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды почта арқылы жолдауларыңызға болады.

(Алдын-ала қабылдауға жазылудың мақсаты, Сіздің көтеретін мәселеңіз бойынша тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету қажет. Осыған орай, өтінішіңіз немесе уәжіңіздің мәтінін толық көрсетуді және кері байланыс орнату үшін мекен-жайыңыз бен ұялы телефондарыңызды қалдыруларыңызды сұранамыз)

Қазығұрт аудан әкімдігі