Қырғызстан Президентімен бірқатар келісімге қол жеткіздік – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бейбенбі, 28 Қараша 2019 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 717 рет

 


ҚазАқпарат – Бүгін Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен келіссөздер барысында маңызды мәселелер талқыланды. Бұл туралы Бішкекте Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан Президенті бауырлас қырғыз жерінде ыстық ықыласпен қарсы алып, жылы қонақжайлылық көрсеткені үшін алғыс айтты. «Сіздің қырғыз еліне мемлекеттік сапармен келуге шақыруыңызды зор ризашылықпен қабыл алдым. Бұл соңғы жарты жылдағы біздің үшінші келіссөздеріміз.

Осындай тығыз жұмыстың нәтижесіне кең ауқымды бағыттар бойынша екіжақты байланыстардың жандануы – елдеріміздің жақындасуына және халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға оң ықпал етеріне кәміл сенемін. Осыған дейін шағын құрамда біз маңызды мәселелерді талқылап, бірқатар келісімдерге қол жеткіздік», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. «Қазір өтіп жатқан Жоғары мемлекетаралық кеңесті мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың тағы бір тамаша мүмкіндігі деп білемін», - деді Мемлекет басшысы.