Партия активінің мәжіліс болды

Сейсенбі, 10 Желтоқсан 2019 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 322 рет

 

Өткен аптада аудандық партия филиалы активінің мәжілісі өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Қожахан, аудандық мәслихаттағы фракция жетекшісі А.Тассай, аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы С.Сенгірбаев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия мүшелері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Партия активі мәжілісіне «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Т.Телғараев төрағалық етті.

Партия активі мәжілісінің күн тәртібіне «2019-жылдың 25-қарашасында Елбасы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өңірлік партия филиалдарының өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша аудандық партия филиалы активінің мәжілісін өткізу.

Күн тәрібіндегі мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Қожахан баяндама жасады.

Баяндаманы талқылауға аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы C.Сеңгірбаев, фракция жетекшісі А.Тассай, аудан әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов қатысып, көкейде жүрген өз ойларымен бөлісті.

Партия активінің мәжілісін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Т.Телғараев қорытындылап, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңйтілген отырысында қабылданған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – партияның 7 серпіні» атты партияны қайта жаңғыртудың бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ж.СҮЙЕУБЕКОВ.