ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ЖОШЫ ХАН» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНЕ БАРДЫ

Жұма, 22 Қазан 2021 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 123 рет

kz1-1124

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенін аралап көрді.
Президентке Жошы хан кесенесі, мұражай, Жошы хан ескерткіші, жорық шатыры және қонақ үйден тұратын кешеннің заманауи технологиялық мүмкіндіктері мен қордағы құнды жәдігерлер таныс­тырылды.
Мемлекет басшысы қасиетті тарихи нысанның үнемі ғалымдардың назарында болып, ғылыми айналымға түсуі керек екеніне баса мән берді.
– Келесі жылы шетелдің және еліміздің белгілі ғалымдарын шақырып, Алтын Ордаға байланысты үлкен халықаралық конференция өткізу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдің туристік әлеуеті туралы баяндама жасап, Президентке курорттық аймақтар мен тарихи-мәдени кешендерді дамыту жоспарын ұсынды. Жоспарға сәйкес Ұлытау, Қарқаралы аудандарының, Балқаш қаласының туризм саласындағы әлеуеті артып, сервистік және туристік инфрақұрылымдары дамитын болады.