ҚАЗЫҒҰРТТА 68469 АДАМ ОНЛАЙН ТІРКЕЛГЕН

Жұма, 22 Қазан 2021 00:00 Жарияланды Саясат Оқылды 136 рет

700b3ccc734294010ec6c4bb1efbd1b1 original.60547

1-қыркүйектен «Ұлттық санақ 2021» санағының ІІ-кезеңі басталды. 15-қазанға дейін санақтың онлайн түрі өткізілсе, онан соң 30-қазанға дейін планшет қолдану арқылы жаппай сауалнама жүргізілуде. Онлайн санақ түрі арқылы жалпы аудан тұрғындарының 62,7 пайызы, яғни 68 469 адам тіркелген.
Санақ жұмыстарының ІІ-кезеңінде 131 адам уақытша жұмысқа тартылды, оның ішінде 7 уәкіл, 21 нұсқаушы-бақылаушы, 103 сұқбатшы. Қазіргі таңда сұқбатшылар өздеріне бекітілген аумақтағы үйлерді аралауда.
Сұқбатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жергілікті Полиция қызметкерлері қамтылған.
Жалпы, санақ қорытындысы – халықтың саны мен жыныстық-жас құрылымын бағалау үшін, халықтың әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат. Демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің есептері жүргізіледі. Ұлттық халық санағының нәтижелері бойынша алынған деректер экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты нақтылау үшін пайдаланады.
Сондықтан, азаматтардың белсенділігі мен шынайы жауаптары халық туралы сапалы деректерді алуға негіз болады.

Қазығұрт аудандық
статистика басқармасы.